Мен жайлы

zhanat1

Армысыздар, достар! Менің жеке авторлық сайтыма қош келдіңіздер. Фейсбук, инстаграм, вконтакте желілерінде жарияланған, жарияланатын әңгімелер енді осы сайтыма салынатын болады. Ақын-жазушы, әкем Жолдығали Бақытовтың өлеңдері мен әңгімелерін, және өзімнің де жазғандарымды осы жерден оқи аласыздар.  

Өзімді қысқаша таныстыра кетейін. Жанат Бақыт Жолдығалиқызымын. Есімім-Жанат. Бірақ көбі есімім мен тегімді шатастыра береді). «Бақыт» дейтіндерге ренжімейтін болдым, үйреніп алдым).

 

1984 жылы Атырау қаласы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келдім. 1990 жылы әсем қала Алматыға қоныс аударып, содан бері осы қаланың тұрғынымын.

Мамандығым-филолог. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2006 жылы бітірдім. Қызмет жолыма да қысқаша тоқталайын:

2003 жылы-Республикалық қоғамдық- экологиялық «Атамекен» газетінде дизайнер.

2004 жылы-«Хабар» арнасындағы «Алтыбақан» бағдарламасының жүргізушісі.

2005 жылы-«НТК» арнасындағы «Соңғы ақпараттардың» жүргізушісі.

2006 жылдан бері КТК арнасындағы жаңалықтар дикторы.

2012 жылдан бері Республикалық қоғамдық- экологиялық «Адамзат және қоршаған орта» газетінің бас редакторы.

Ершат есімді жолдасымның сүйікті жарымын, Алдияр, Кәусар есімді балапандардың аяулы анасымын.

Құрметті оқырман! Басыңыздан өткен оқиға болса жолдаңыздар, сайтта жарияланатын болады. Әрі барлық сұрақтарыңызға жауап беремін. Ендеше, сәттілік, қадірлі дос, тағы да қош келдіңіз!

Жанат.