Айсұлудың әңгімесі

 

aysyluБақыт пен Жамал басқа жастар сияқты бір-бірін сүйіп қосылды. Жамал қатарынан екі қыз туып берді. Алайда не түлен түрткенін, Бақыт Сәулемен танысқан соң, екі қызын да, әне-міне босанайын деп отырған жары Жамалды да тастап, кете барды. Бақытты шырылдап жылаған екі қыз да тоқтатпады. Шындықты Жамалдың анасы білгенімен, перзентxанадағы Жамалдың өзі бейxабар еді. Перзентxанаға Кейуана сопайып жалғыз барғанда, қызына "Бақыт іссапармен кетіп қалды" деп амалсыз жалған айтты. 

Жаңа туған әйелдің жүйкесі жұқа болатыны белгілі емес пе, күйеуінің басқа әйелге кеткенін білген Жамал депрессияға түсіп, бәріне жаңа туған Айсұлуды кінәлай береді. Баласын пешке тастайын деп тұрған жерінен анасы әзер тоқтатқан-ды. Бір рет тіпті дәретxанаға лақтырайын деп тұрғанда көршісі көріп қалып, Айсұлудың көрер жарығы бар екен, аман қалды. 

***

Айсұлумен мен поезда таныстым. Өте көрікті қыз, бірақ көзінде мұң бар. Көп қиындық көргені білініп-ақ тұр. Мен оны әңгімеге тарттым. Ол отбасындағы оқиғасын әрі қалай былай өрбітті:

"Ақыры, анам ауруханаға жатты,  кейіннен шизофрения деген диагноз қойды дәрігерлер.

Біз үш қыз әжемнің қарауында қалдық. Анамның үйде болғанынан аурухана төсегіне таңылуы көп. Шынын айтсам жындыханада айлап, жылдап жататын еді. Менде кішкентай кезімнен анам туралы естелік мүлдем қалмапты. Бірақ, менің анама деген балалық махаббатым өшкен емес. Анамыз үйге келгенде бізді танымаса да айналшықтап "мамалап" қасынан шықпайтын едік. Ал әкем сол кеткеннен оралмады, бізді де іздемеді. Өзім де ешқашан әкем бар деп санаған емеспін, мен үшін өлген адам. Басымызға қиындық түскенде туған балалапандарын іздемеген тас жүрек әкені, қалай әкем бар дерсіз...
Біз мектеп қабырғасында оқып жүргенде орманды ауылда тұрғандықтан ауылымызда табиғи апат болды. Орманнан өрт басталып, ауылды жалмады. Сол кезде әкімшіліктен бізге қаладан пәтер берілді. Анамыз да қалада ауруханада жатқандықтан, қалада тұруды жөн санадық. Қасымызда бар тірегіміз-әжеміз. Әжеміз қайратты да шыдамды жан еді. 
Міне, қазір Астана қаласында тұрамыз. Екі әпкем анам да бізбен тұрады. Анамның ауруына көндіккенбіз. Жазылып кетпесе де аздап бізді таниды, кейде ұмытып та қалады. 

Айтеуір жүрегі соғып, қасымызда отырғанына мәзбіз. Ал маңайында не болып жатқанынан хабарсыз анамыз, кейде есі бар кейде жөн-жоқсыз сөйлеп өмірі өтіп жатыр. Әжем өмірден өткен. Өзім сол күйі жоғары білім ала алмадым. Екі әпкем де мектептен соң оқу оқымады. Мектептен соң бірден жұмыс істеуге көштік.  
Басымызға түскен ауыртпалық осымен бітпеді, үлкен әпкеміз талма аурына шалдыққалы біраз жыл болды. Ол үйде анамның қасында. Арасында ұсақ-түйек жұмыс істеген болады. Бір күн дәрісін қабылдамаса міндетті түрде ауырып қалады. Өткенде жұмыста отырсам маған телефон шалып жылап тұр, "өзімнің қайда екенімді білмеймін, алып кетші" деп алып-ұшып жеттім. Туған әпкемнің қиналғанын көргім келмейді. Өмірде осыншама тағдыр тауқыметін тартатындай не жаздық деп кейде жылап та аламын. 
Мен тағдырға көндіккен жанмын. Мықтымын, бәріне шыдаймын, шынын айтсам етім де жаным да үйреніп кеткен десем болады. «Әпкемнің дертін маған берсе, мен жеңер едім» деп Алладан әпкемнің аурын маған беруін сұраймын. Әпкемнің жаны өте нәзік. Өзінің қатарластары отбасын құрып, балалы болып отырғанын көргенде жүрегім қарс айырылады. Осындай қиындықта кеудеңе басыңды қойып, мұңынды шағатын әкеңнің болмағаны жаныңа да батады екен,- деп көз жасын сүртті.

P.S.... Иә, өмірдің өзі сынақтан тұрады екен, тағдырдан асып ешкім ешқайда бармайды. Біз тек бір Алладан сабырлық, Айсұлудың әпкесі мен анасының ауруына шипа тілейміз.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...