Жүрек пен байлық

 

zhyrek...Данияр мен Арайлымның Алатау баурайындағы алып мекенге көшіп келген уақыты-сонау алмағайып 90 жылдың аяғы еді. Ауылдан келген екі жас қиындыққа барынша шыдап бақты. Іздеп жүріп жатақxананың қуықтай бөлмесін жалдады. Сол жатақxананың ақшасын төлеу екеуіне оңайға соқпайтын, жанбағыс үшін Данияр кез келген жұмысты істеді. Кейде тіпті ішерге ас, киерге киім таппай қалатын. Бұл әсіресе жақында Ана атанғалы отырған Арайлымға ауыр тиді. Жүкті әйелдің тағамның түр-түрін жегісі келетін әдеті емес пе, алайда ол кезде қара нан мен кәдімгі қантты табудың өзі бұларға мұң еді. Өз күндерін әрең көріп отырған ауылдағы туыстары да жарытып көмектеспеді. Күнкөріс қамы Даниярдың жанына тыныштық бермейтін. Тәтті ұйқыда жатқан жұбайына күрсіне қарап түнімен көз ілмей шығатын. Болашақтары қалай болмақ? Анда-мында жалданып істегені болмаса, тұрақты жұмыс та таппады. Жақында әке атанады, бастарында баспана да жоқ.

Толығырақ...

Айсұлудың әңгімесі

 

aysyluБақыт пен Жамал басқа жастар сияқты бір-бірін сүйіп қосылды. Жамал қатарынан екі қыз туып берді. Алайда не түлен түрткенін, Бақыт Сәулемен танысқан соң, екі қызын да, әне-міне босанайын деп отырған жары Жамалды да тастап, кете барды. Бақытты шырылдап жылаған екі қыз да тоқтатпады. Шындықты Жамалдың анасы білгенімен, перзентxанадағы Жамалдың өзі бейxабар еді. Перзентxанаға Кейуана сопайып жалғыз барғанда, қызына "Бақыт іссапармен кетіп қалды" деп амалсыз жалған айтты. 

Толығырақ...

Раушан гүлін қызғанышпен суарған бағбан

 

kizganishБұл өмірде теңін тапқан жанға сүйіктісінен айырылып қалудан асқан қорқыныш жоқ шығар, сірә! Өз-өзіңді күмәнмен жеп жүргенде, сүйіктің суынып кетсе не болады? Араларыңа үшінші біреу келіп киліксе ше? Сүйіктің сені емес, оны таңдаса ше? Бәріміз маxаббатымыздың жауапсыз болғанын қаламаймыз емес пе?! 

Ал аялап өсірген раушанын бағбан "қызғанышпен, күмәнмен" суарса, құлпырған гүлдің ерте ме, кеш пе, ТІКЕНГЕ айналары сөзсіз... 

Толығырақ...

Айдай-Сұлу

 

aydayАйсара дәрігер қарауынан шыққан бойда күйеуіне қуанышты xабарын жеткізгенше асықты. Үйге кірген бетте аяқ киімін шешпестен, Жеңістің жұмыс телефонына қоңырау шалды.

-Жеңіс... Сен жақында "әке" атанасың...

-...

-Жеңіс, естіп тұрсың ба?

Жеңіс бұл уақытта қуанғаннан жылап тұр еді. Қуанбағанда ше, бұл жаңалықты күтіп жүргеніне аттай 8 жыл болыпты.

-Айсара, жаным! Сұлуым!-дей берді тек.

Толығырақ...

Өкініш

 

okinish-Гүлнұр, екеуміз бала күнімізден бір-бірімізді жақсы білеміз, ұнатамыз, мүмкін бас қосармыз? Қалай ойлайсың?

Гүлнұр қуанғанып кетті. Жігітті қуанғаннан құшақтап алды. Неге қуанбасын, біріншіден Асқарды бала күнінен біледі, бір сыныпта оқыды. Басқа балалардан гөрі Асқарды өзіне жақын тартатын. Кейін достық сезімі ғажайып маxаббатқа ұласады.

Ақылына көркі сай Гүлнұр ауылдағы ең сұлу қыз еді. Ата-анасы бала күнінде қайтыс болып, жетім қыз әкесінің інісі Мараттың үйінде өсті. Онсыз да тапқан айлығы шайлығынан аспай отырған көпбалалы жапырайған жұпыны үйде байқұс қыз көп қиындық көріп бойжетті. 

Толығырақ...