Қазіргі заман - Ана тілім
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2016 21:46
- Автор: Жолдығали Бақытов
- Қаралды: 2388
- Қазіргі заман
- Мұғалім
- Сенемін
- Ардақты аға
- Дәрігерге
- Ауруханада
- Тайсойған
- Намыс
- Ана тілім
- Қымбатым сен
- Миялыға
- Бір шыбығың болсам деп
- Ойлан, Қазақ
- Зар заман
- Жоқшылық жыры
- Ұмытпа
- Освенцимде болғанда
- Болмасын соғыс
- Ақын досқа хат
- Күзгі элегия
- Журналист сыры
- КазГУ-ге
- Қазақстан мұғалімі
- Теңге
- Өмір жолдары
- All Pages
AHA ТІЛІМ
Ана тілім! Арым едің сен менің,
Қаншама жыл әлдиіңмен тербедің.
Тоқсан жерден ұмытса да мәңгүрттер,
Сені ешқашан жоғалар деп сенбедім.
Қайда болсын өз тілімде сөйледім,
Көкірегімді желпіп менің күй керім.
От ауызды, орақ тілді ақын боп,
Жауымды да өткір сөзбен түйредім.
Орыс тілін аға дейді біреулер,
Қазақ тілін бала дейді біреулер.
Мұндай кезде қара жыным құрысып,
Маңдайдағы қос тамырым білеулер.
Жоқ деймін мен үлкен тіл де, кіші де,
Бір-ақ тіл бар ұлт тілінде кісіде.
Ол тіл ана сүтіменен бірге емген,
Осы тілде сөйлеймін мен көсіле.
Ұлы болса болсын тілі өзімнің,
Ағы мен ол қарасындай көзімнің,
Сені ұмытсақ ұмытқанымыз бәрін де,
Болу керек шегі-шеті төзімнің.
Талпын қайта ана тілім жарқылдап,
Жарқын, жарқын шықсын даусың саңқылдап.
Асқан сайын өзің әрбір белестен,
Жаса тілім, деп тұрайын аңқылдап!