Грыжаны емдеуге бола ма?

rizha

Сіздерге өзімнің қайғы-мұңым-денсаулығым жайлы жазайын деген едім, Алла ризашылығы үшін өтінемін сіздерден, мені ғайбаттап, даттап, жаман пікірлеріңізді жазбаңыздаршы, мені түсінесіздер деген үміттемін! Менім айтпағым грыжа жайында, 2012 жылы сегізкөзден бастап жоғары қарай менде грыжа болды, мен оның грыжа екенін білген жоқпын, өзім студентпін дене шынықтыру сабағынан емтихан тапсыру уақыты еді деген менде ағайымыз қатал болатын, біздерге қинатып неше түрлі жаттығулар жасатты, содан не керек, соның кесірінен грыжа пайда болды, оның белгісі мынайдай болды: оң аяғым істемей қалды баса алмаймын басам жанға қарай қисайып кете берді, жанымның батқаны сонша өмірге келгеніме өкініп кеттім, үйде жатып қалдым, жатсам тұра алмай, тұрсам отыра алмай сондай дәрежеге дейін қатты қиналдым.

Толығырақ...

«Гадалкаға» бару-Аллаға серік қосу ма?

gadat

Сәлеметсіздер ме! Менің хатымды жариялауыңызды өтініп сұраймын. Мүмкін оқырмандарыңыздың арасында ұқсас жағдайдар болса, бастарынан өткерген адамдар болса ақыл-кеңестерімен бөліссе деймін.

Хат жазып отырған себебім, туған ағама, бауырыма көмектескім келеді, бірақ қалай екенін білмеймін.

Толығырақ...

Интернет мені әйелімнен айырды...

internet

Бұл 2010 жыл болатын.  М-агент деген шіркіннің жұлдызы жанып тұрған болатын. Сүйген жарым сол агентте жүр екен. Ақбоз атқа мінбесем де, ғаламтордан кездескен соң, ол менің кеудемнен итерген жоқ. Аты Ғалия еді. Онымен жарты жыл сырласып жүріп, ақыры үйлендім.
«Әлемдегі ең сұлу қыз сен үйленген күні жолығады» деген екен біреу. Сол рас болса керек, мен отбасылы болғаннан кейін әлеуметтік желілерді қарасам, сұлу қыздар өте көп екен. Бұрын қалай байқамағанмын... 

Толығырақ...

Қызғаныш атты аурудан қалай құтыламын?

revnost

Үйленгеніме үш жылдан асты. Алланың нәсіп етуімен ұлды да болдық. Қуанышымда шек жоқ. Жұмыстан шыға сала дереу үйге қарай асығамын. Себебі, балапаным күнде кешкісін мен есікті ашқаннан «папа» деп құшақтап алады. Оның қылығына тоймай, мейірленіп сүйе бергім келеді. 

Толығырақ...

Роза Әлқожаның «Күйеуіме тоқал әперемін» деуі-ақымақтық!

roza

Сәлеметсіздер ме! Менің есімім – Айсара. Жасым 36-да. Тұрмыс құрғаныма 13 жылдың жүзі болды. Мектепте сабақ беремін.
Өзім 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Жоғары оқу орнын бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, қолыма дипломымды алып, жүк-жасауыммен, әке-шешемнің ақ батасын алып тұрмысқа шықтым.

Бастапқыда барлығы жақсы болатын. Күйеуім екеуміздің махаббатымызға, бір-бірімізге деген сый құрметімізге туған-туыс, дос-жаран қызыға қарайтын. Күйеуім де жігіттің төресі.

Толығырақ...

Тоқалы бар күйеуім шаршатып бітті

izmena

Жолдасым екеуіміз бір жылға жуық кездесіп жүріп қосылдық. Қазір үш қызымыз бар. Аллаға тәубе деймін, қызғалдақтарым әп-әдемі болып өсіп келеді. Алайда күйеуімнің өзінің қызынан санаулы жас қана үлкен бойжеткеннің жетегінде кетуі, әбден шаршатып тұр. Осы тоқалы пайда болғалы маған зекіп сөйлейтінді, кейде қойған сұрағыма жүре жауап беретінді шығарды. Адам ретінде сыйлаудан қалып барады. Менің жазығым не сонда?

Толығырақ...

Біздің көшенің азғындары...

bizdin koche

Біздің көшені ауылда «алқаш көше» деп атайды. Олай неге атайтынын іштеріңіз сезіп те отырған шығар. Басқа жерлерде ер адамдар топтасып арақ ішіп жүрер болса, біздің көшеде кілең әйел адамдар шеттерінен ішімдікке салынған. Арақ ішкен адамның адамшылық келбеттен айырылып, азатыны белгілі. Жай ғана «азу» деген сөз біздің көршілердің бейнесін ашуға жеткіліксіз деп ойлаймын, өйткені олар қазір хайуанның күнін кешу үстінде. 

Толығырақ...

Жуастығым түбіме жетті

juas

Адамның тағдырын бір ғана жағдай күрт өзгертеді екен. Ешқашан да өмірім бұлай қалыптасады деп ойламап едім. Бір ғана қателесу адамның өмірін мүлдем басқа бағытқа бұрып жібереді екен. Мектепті өте жақсы оқыдым. Одан кейін өз күшіммен ЖОО-ға түстім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығын алып шықтым. Бір жылдай жұмыс істеп, кішкене бой-сойыма қарап, әке-шешеме нанымды жегізіп жүре тұрайын сосын тұрмысқа шығамын деп ойлап жүрген едім. Кездесіп жүрген жігітім де бар болатын. Ол да «кішкене ақша жинап алайын, ең болмаса тойымыздың шығынының жартысын өзіміз көтеретіндей ақша жинайын» деп жүрген.  Сондай күндердің бірінде мектептен сабағымды беріп болып, үйге қарай шыққан жерімнен көрші ауылдың жігіті алып қашты.    

Толығырақ...

Сезімге шектеу қойып, бақыт тілеп шығарып салдым...

sara

Мен Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүрдім. Жағдайым жаман емес. Өзімнің жеке үйім бар. Жұмысым да жақсы, жетістіктерім де аз емес. Күндердің бір күні Азамат есімді жігітпен таныстым. Ол жігіт менен төрт жас үлкен екен. Түріктердің бір фирмасында басшылық қызмет атқарады. Әңгімеміз жарасып, кездесіп жүрдік. Осылай бір жарым ай өтті. Енді бірде жігітім «менің отбасым бар, мен Көкшетауға көшіп келгеніме екі ай ғана болды, жақында отбасым Ақтөбеден көшіп келеді» деп сайрап тұр.

Толығырақ...

"Елес кемпірді" көрген қыздың әңгімесі

eles

Жас күнімнен үйде жалғыз қонудан қатты қорқамын. Оның себебі де жоқ емес.

Жаз түсісімен тәтемнің үйіне қыдыруға баратынбыз. Жұрт лагерьге кетсе, біз тәтемнің үйіне жолға шығамыз. Лагерьден артық болмаса, кем емес. Бүлдірген мен қарақат жинайсың ба, саңырауқұлақ тересің бе, суға түсесің бе — қалағаныңша қызықтай бер. Мектеп бітірген соң да жаз болса, сіңлімді ертіп осында келетін болдым.
Бір жылы әдеттегідей тәтемнің үйіне келдім. Бұл жолы жалғыз. Бүлдіргеннен бас алмай жүріп, кештің болғанын байқамай қалыппын. Тәтем таңертең бір жеңгеймен көрші ауылға кеткен. Түстен кейін келетін болған. Кеш батқанда телефон соғып, сонда қонып, ертеңгісін бір-ақ келетінін, менің үлкен қыз болып қалғанымды, ешкімнен қорықпай есікті іліп алып жатуымды ескертті. 

Толығырақ...

"Q-net" деген лохотроннан сақ бол!

qnet

Мен қазір Қапшағай қаласында тұрамын. Осыдан екі жыл бұрын Астанадан Қапшағайға көшіп келдім. Астанада өмір сүру, пәтер мәселесі қиындап кетті. Қапшағайда бір дүкенде сатушы болып істеймін. Кешке бос уақытымда интернет ақтарып, қызықты мақалаларды оқып тұрамын. Қазір желілік (сетевой) маркетинг, сауда дегендерден денем түршігеді. Жуықта бір құрбым келіп, "G-Time" деген желілік маркетингті ұсынғанда "Енді көрмегенім, сетевой сауда болсын" деп тонымды ала қаштым. 

Толығырақ...