Тоқалы бар күйеуім шаршатып бітті

izmena

Жолдасым екеуіміз бір жылға жуық кездесіп жүріп қосылдық. Қазір үш қызымыз бар. Аллаға тәубе деймін, қызғалдақтарым әп-әдемі болып өсіп келеді. Алайда күйеуімнің өзінің қызынан санаулы жас қана үлкен бойжеткеннің жетегінде кетуі, әбден шаршатып тұр. Осы тоқалы пайда болғалы маған зекіп сөйлейтінді, кейде қойған сұрағыма жүре жауап беретінді шығарды. Адам ретінде сыйлаудан қалып барады. Менің жазығым не сонда?

Алғашқы кездері тығылып смс жазып, далаға темекі шеккен болып шығып, жасырынып сөйлесетінін сезуші едім, соңғы кездері менің сезіп қойғанымды білгелі ашықтан ашық тайраңдайтын болды. Үлкен қала болмағанымен, тұратын жеріміз шағын. Адамдар бір бірін тез таниды. Күйеуімнің суық жүрісін жаны ашығансып айтатындар да көбейді. Ажырасам деп талай қорқытып көрдім. Тыңдамай шығып кетеді. Саспайды. Қыздарымның болашағы үшін өзімнің көнуіме тура келіп тұр. Үлкен қызым жүріп жүрген жігітімен әкеліп таныстырып та қойған. Ажыраса қалсам, қызымның күйеу бала алдында жүзі жарқын болмай қала ма, әкесімен қатар тұрып ұзатайын деп ойлаймын.

Қазіргі қыздар да өте әдемі. Осы күйеуім менімен бірге не артық ыдысы жоқ, не дүниесі жоқ, көшіп қонып пәтерде жүрген кезде қайда болыпты? Бүгінгі күні жағдайы дұрысталып, қымбат сыйлықтар сыйлай алатын дәрежеге жеткен кезде «по вкусам не спориш, ұнатам мен де» дейді жер бетінде жігіт қалмағандай. Күйеудің бетін қайтара алмаған соң қызбен сөйлесуге ашықтан ашық өзім барғанда естіген сөзім сол болды. 

Қазір күйеуім әр нәрсені сылтауратып соның жанында қонып қалады. Күн сайын киім ауыстырып киіп, жасарып барады. Соның қасына қонған күндері, менің жыныма тигісі келе ме, әлде бар болып болғаны сол ма көңілденіп, ән сап кетеді. Қымбат сыйлықтар жасайтынын да білемін. Бәрін біле тұра ештеңе істей алар емеспін. Не істеймін айтыңыздаршы ағайын.

Ақмарал.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+1 #1 Danara 2016-03-06 14:49
Не істейтін несі бар, сізді сыйламайтын адаммен бірге тұрмаңыз. Сол тоқалына барып тұрсын, қашанға дейін тұрады екен, ақша беріп қыздарына көмектессе болды емес пе. Ал сіз өзіңізді сыйламасаңыз, күйеу қайдан сыйлайды.....
 
 
+1 #2 гулден 2016-03-06 16:42
Сизде кыдырыныз...сул улык салонына барып сизде ештеме демениз журе берсин казакта ат айналып казыгын табар деген...байын далада каоэлганда тусинеди кимнин керегин кимнин керек емес екенин...дуние алма кезек деген.
 
 
+3 #3 Жансая 2016-03-06 22:50
Сиз озиниз тугин жок, тугин жок. Мен, мен деп абден кытыгына тиып, намысына тиып тастаган сияктысыз жазгандарынызга караганда. Мен болмаганда, менинтуысым болмаганда, мен буйткем, мен суйткем деген соз болмау керек отбасында. Буны кобине еркектер емес, айелдери айтады. Озиниз тузу болсаныз, еринизге тобенизге котерип отырсыныз кетпейтин еди. Кайда сыйлайды, кайда жылы сонда кетеди. Али де кеш емес, истегендерине озиниз кинали екенинизди мойындап, ойынызды озгертсениз оралады. Ал озиниздибиринши орынга койсаныз ажырасып тынасыз. Ери сыйланбаган уйде тарбие жок
 
 
#4 Айгуль 2016-03-09 01:18
Мұның бәрі уақытша! Ертең ауыра қалсыншы, сол бикештер қарамас, өз жары ғана бағады.