«Гадалкаға» бару-Аллаға серік қосу ма?

gadat

Сәлеметсіздер ме! Менің хатымды жариялауыңызды өтініп сұраймын. Мүмкін оқырмандарыңыздың арасында ұқсас жағдайдар болса, бастарынан өткерген адамдар болса ақыл-кеңестерімен бөліссе деймін.

Хат жазып отырған себебім, туған ағама, бауырыма көмектескім келеді, бірақ қалай екенін білмеймін.

Ағам уйленген, бір баласы бар. Басқа қалада тұрады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ағам өзгере бастады, ашушаң, сырын ашпайды, үйге айлығын акелмейтін болды. Уйде жанжал жиілеп кетті. Кейін естідік, онын құмар ойындарын ойнап біреулерге қарыз болып қалғанын. Біраз уақыт өтіп ойын ойнауын қойған сияқты болған. Жаңа Жылдың алдында жеңгемнің ұялы телефонына смс келіп түседі: "сенің күйеуің сені алдап жүр, оның ашынасы бар" деп. Сол тел номерыне хабарласса, смс жазған әйел ашынасы екен, бар шындықты жайып салыпты. 2 жылдан беры екеуы журген екен, қымбат сыйлықтар, ақшалай беріп тұрған. «Ол сені суймейді, мені сүйеді, неге ажырасып кетпейсіндер» деген екен. Жеңгем осы әңгімеден кейін баласын алып уйден кетеді. 1 айдай болек тұрады. Туған-туысқандар болып алдына барып кешірім сұрап, болмаған соң ағам өзі барып кешірім сұрап акелді. Екеуі құмалақшыға барса, күшті дуа берген екен екеуіне де, християндар жасайтын дуа екен. Бир айдай уй тыныш еді, қазір қайтадан басталыпты жанжал. Жеңгем ана әйелге звондаса, «3 апта болды өзімнің күйеуіммен қайта қосылдым, сенің күйеуің қыр соңымнан қалмай жүр, аңдып» депті. Маған анам улкен қалада тұрасың, бір гадалканын номерін берді соған барып көр деп. Бірақ өз басым қорқамын ондай адамдарға баруға. Алладан қорқам, серік қосқандық болмай ма? Мүмкін араларыңызда танитын тәуіптер бар ма, мұсылмандық жолмен дуаны қайтара алатын,әлде басқа бір жолдары бар ме екен. Мен ағамды қорғаштамаймын, иә, сана бермеген осындай болады екен...өз-өзіне отбасына қиянат жасап отыр. Үйдің берекесі кетті, анамыз уайымдап отыр, қорқамын анамнан айырылып қаламыз ба деп. Ағамның отбасын бұзғанын, кішкентай сәбидін тірі жетім болып өскенін қаламаймын. Мүмкін болса ақыл-кеңестеріңізді берсеңіздер. Жақсы бір молданын телефоны болса деп өтінемін. Рахмет.

Рая. Алматы қаласы.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Санира 2016-03-10 00:59
Корипкелге бару ен ауыр куналардын бири. Одан да Алладан жардем сураныз! Ол барлык журектердин амиршиси! Аганызга иман берсин
 
 
#2 Нур 2016-03-10 10:46
Бұндай жағдай бізде де болған. Дұға бар деп бармаған жеріміз жоқ. Ал оның шын мәнінде бар екенін, жоқ екенін бір Алладан басқа ешкім білмейді. Бір Аллаға сұраңыз, дұға етіңіз.
 
 
-1 #3 #Мариям 2016-03-10 13:10
Намаз,зикир аркылы Алладан гана пана,жардем,ком ек,куш-куат сурау керек!!!ондайда арнайы дуга емес тек шын журекпен адамнан емес Адамзаттын жаратушысы,Бар нарсени Билуши Алладан гана сурау керек!!!
 
 
#4 Кымбат 2016-04-22 14:15
Даже незнаю