Грыжаны емдеуге бола ма?

rizha

Сіздерге өзімнің қайғы-мұңым-денсаулығым жайлы жазайын деген едім, Алла ризашылығы үшін өтінемін сіздерден, мені ғайбаттап, даттап, жаман пікірлеріңізді жазбаңыздаршы, мені түсінесіздер деген үміттемін! Менім айтпағым грыжа жайында, 2012 жылы сегізкөзден бастап жоғары қарай менде грыжа болды, мен оның грыжа екенін білген жоқпын, өзім студентпін дене шынықтыру сабағынан емтихан тапсыру уақыты еді деген менде ағайымыз қатал болатын, біздерге қинатып неше түрлі жаттығулар жасатты, содан не керек, соның кесірінен грыжа пайда болды, оның белгісі мынайдай болды: оң аяғым істемей қалды баса алмаймын басам жанға қарай қисайып кете берді, жанымның батқаны сонша өмірге келгеніме өкініп кеттім, үйде жатып қалдым, жатсам тұра алмай, тұрсам отыра алмай сондай дәрежеге дейін қатты қиналдым.

Оң аяғым кішкене басынқырап, сол аяғыма көшті ауруы олда осылай жанымды жегідей жеді осылай жүріп сонғы емтиханымды бітіріп әрең дегенде ауылға кеттім, негізінде өзім жетім қызбын, менің жан ашырым женгем болды, ол кісі менің
жанымды жегідей жеп бара жатқан ауыруымды көріп, шыдай алмады, содан мені невропотологтарға жетелеп алып келді, мені диагностикадан өткізді, врачтар аң таң жаным ау қалай шыдап жүрсің, грыжаң өсіп кеткенғой 4 жерде бар деді, қайдан білсін врач менің қалай жылап қиналып жүргенімді...  Олар мені хирургқа жіберді, оған барғанымды қайтейін көңілсіз түрімді одан бетер көңілсіздендіріп жіберді, ол маған айтқаны ота жасау керек тез арада деді мен келістім ең бастысы жазылсам болды деп... Жанағы дәрігерім маған қоятұрыңыз келіспей алдымен екеуміз келісіп алайық деді; мен жарайды айтағойыңыз дедім, ол кісінің маған айтқаны сізге ота жасаймыз бірәқ сіздің жүріп кетуіңізге кепілдік бермейміз бәрі Алланың қолында деді... Сен бізге қол хат жазып бер дейді, ертеңгі күні сізге бірдеме болса, дәрігерлерді кінәләмаңыздар деген деп...
Мен жоқ келіспеймін сіздің бұл ойыңызбен, отада жасатпаймын керек емес деп ақсаңдап, жылап шығып кеттім, өмір сүруге құштарлығым төмендеп кетті, күнім тек жылаумен өтті, қатты азып кеттім 12 кг тастадым уайым қайғыдан, грыжаның ауырғаны жанымды жеп барады, ауылда бір сынықшы кісі болатын сол кісіні женгем үйге шақырып алып келді, ол кісі белімді, аяғымды қытырлатып айқайлатып жылатып бірдемелер жасады сол кісінің арқасында ауырғаны кетті бір укол жазып берді сол грыжаның үстіне салынатын уколдар, ол уколдарды алып беліме салдырдым,
ауруды сезбедімде шауып кеттім сол кісінің арқасында, ол укол бір салғаны 1 жылға дейін ауыруды сездірмейді екен, өзіде өте қымбат укол, осылайша женгемді шығынға түсірдім... 
Айтпағым, енді осы ауруым күннен-күнге асқынып барама білмеймін, ауырады қатты ұйқыдан қалдым, жүріп тұруым қайта қиындай бастады бұл ауруым аздай тағыда аурулар қосып алдым енді көздерім бұлдырап көрмей барам, көзімнің ағы қызарып, талып аурады, басым, бауырым, бүйрегім қосылды неге бұлай білмеймін әлде мені Аллам қатты қинап жатқанын ата-анамды менен алып қойғаны аздай, меніде алғысы кеп қинап жатырма, екен білмедім алғысы келсе адам жанын ауыртпай алшы деп жалынам қайтем басқа жанымды жегідей жейді ғой... Қашанғы туыстарға
жалына беремін, қазіргі таңда ешкім ешкімді жақтырмайтын заман болды ғой, бетіңе күліп тұрып, сыртымнан әңгіме айтып жүреді. Араларыңызда жақсы иманды, түсінігі мол жандар болса көмек берсеңіздер екен не істесем болады айтыңыздаршы, бәрінен құтылғым кеп уыстап таблеткалар іштім, өлгім келді, әттең олда қолымнан келмеді врачтар құтқарып қалыпты есімді жисам көп жазып жіберсем кешіргейсіздер Алла баршаңызға жар жәрдемші болсын, ауырмаңыздар аман болыңыздар жақсыларым!!!

Асылым. 

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
-1 #1 Askar 2016-03-11 15:07
Инверсионный стол деген бар, сол жақсы көмектеседі. Сосын тұрақты жаттығулар.
 
 
+1 #2 Ержан 2016-03-11 17:25
Жасай клиникасында жақсы көмектеседі грыжаны жазуға. Омыртқаны созатын құралдары бар және алтын иненің көмегімен. Ем ақысына шамаң келмесе Жасан Зекейұлына жағдайыңды айтып көр, көмектеседі.
 
 
#3 Арай 2016-03-11 21:33
Мкр.Думанда Юра деген қытай бар. Сол қытайдан грыжалардың жазылып жатқанын көргенмін. Тел: 87017594998, дом: 2339480
 
 
+3 #4 Гау 2016-03-11 22:30
Салем! Менин жагдайым тура озиниздикиндей болды. Озинизди Озиниз колга алыныз. Менин омиримде кайгылы окига болды, содан кейн бас ауруы басталды, одан сон грыжа мен журе алмадым, оган журек ауруы да косылды. Емделдим али де ем керек, бирак сизге айтар кенесим Комектеседи ма екен билмеймин, бирак озинизди колга алыныз, бакытты болуга тырысыныз, кейде мунын барлыгы стресс жагдайынан болады екен, омир суруге кулшыныс жогалады, жаксы ойланыз, жаксылык жасаныз, ауру туралы аз айтыныз, аз ойланыз. Жаман нарсе ауру туралы айтатын адамдардан аулак болыныз, олар кейде Жакындарыныз да болуы мумкин, типти араласпаныз демеймин бирак Оларды да жаксыга суйрениз. Озгеге камкор болыныз. Турмыс куру жагдайын ойланыз. Жузуге жазылыныз, даригердин тагайындауларын орындап журиниз
 
 
+3 #5 Шершеу 2016-03-12 08:28
Грыжаны казакта шершеу дейди. Бул ауру бирден болмайды. Биртиндеп коп факторлардан болады. Коп отыру, белден, аяктан суык отуден жане де аур нарсе котеруден болады. Шершеудин аскынган тури аяктан баса алмай калу. Буган ота жасату сонгы шешимдейди. Укол егде жастагы адамдарга гана салады негизи укол салдырмасаныз болар еди. Шершеуди кширейтуге болады биракта ол кетпейди. Жататын тосегиниз катты болуы шарт(жумсак болмау керек). Сосын книне 1000 да 1500метр артка карап жаяу журуиниз керек. Жане де озинин гимнастикалары( гуглдан караныз) бар грыжанын соны кунде узбей жасаныз. Жане де Алладан дертинизге дуга етиниз иншаАлла жазылып кетесиз.
 
 
#6 Santa 2016-03-12 12:46
Ең дұрысы - суставная гимнастика Норбекова! Грыжадан аяғын басып жүре алмай қалғанда өз анам осыдан жақсы болды! Қазір аттай шауып жүр. Теп-тегін, тек күніне 20-30 минут осы жаттығуды жасап тұрсаң болғаны. Маған да бел, құйымшақ, жауырындарымнын ауруларынан құтылуыма осы жаттығу бірден көмектесті! Іске сәт!
 
 
+1 #7 Алидар 2016-03-12 12:57
бул шершеу мени де 20 жылдай кинады. Сонында журе алмай, кисайып калган жагдайга жеттим. Бармаган жерим, жасамаган емим калмады. Солардын ишинде алгашында ыстык балшык (грязолечение) уакытша комектести, сосын онын пайдасы болмай калды. Массаж да уакытша комектести (массаждын бари комектесе бермейди, билетин адамы болмаса). Артынан ол ла комектескенин койды. Мен де ота жасауга келисип койгам амал жоктан. Сол кезде жигиттердин кенеси бойынша жаттыгуга киристим Гуглдан карап. 4- ай киналып, бети бери карай бастады. Сосын бассеинде жузуди бастадым. Керемет комеги болды. Казир жаттыгулар мен суда жузуди адетке айналдырдым. Аллага шукир, ауырганын койды. Кинезис орталыгына барсаныз, жаксылап тусиндиреди кандай жаттыгулар жасау керек екенин. Жаттыгулардын комектесетин себеби- шершеудин жан- жагындагы булшык еттерди катайтып, шершеуге салмак тусирмей турады. Сондыктан ауырганын кояды.
 
 
#8 Алидар 2016-03-12 13:04
Шершеуге сатти ота жасау Германияда жаксы дамыган. Бирак олар сонгы кезде жаттыгулар аркылы емделуге болады деп, ота жасауга карсылык билдирип жур деп еситтим. Ота жасаткандардын кобиси 3-4 айдан сон жаксы болып, 2-3 жылдан сон сол шершеу орнына кайта келип, кайтадан ота жасатып журген жагдайлар коп. Сондыктан ен жаксы ем - суда жузу мен дурыс жаттыгулар
 
 
#9 асель 2016-03-12 22:22
Жазылып кетуіңе тілектеспін
 
 
+1 #10 Гульнур 2016-03-12 22:50
Асылым бұл жағдай менің басымнан откен.Ең бірінші жаман ойлардан арылып,жаксы нарсе ойлаңыз.Аллаға сеніңіз.Турникт е асылып турыңыз(висеть на турнике дейді гой) жаттыгу жасаңыз комегі оте коп басында аз аздап нагрузка тусірмей сосын көбейтіңіз,катт ы жерге жатыңыз.Ауыр нарсе котермеңіз.коп отырмаңыз.Жатты гулар Золотая рыбка,Разаренна я кошка дегенді жасаңыз. Алланың комегімен тауірмін.озім бір орыс емшіге каралдым.косымш а жаттыгу жасадым.енді кайсысы комектескенін
 
 
#11 Гульнур 2016-03-12 22:53
Турникте просто асылып турыңыз,тартылм аңыз.Массаж жасатуга болмайды.Алла шипасын берсін
 
 
#12 Ziaw 2016-03-13 04:04
Кунине 3 литр су ишиниз. Жаттыгулар жасаныз.
 
 
#13 Асма 2016-03-13 13:13
Алматыда Белмурат деген киси бар,еки жерде кабылдайды,Карг алинка жəне Мегатауда.Озим сол кисиден ем алдым.
 
 
#14 аскар 2016-03-14 23:45
Сəлем 41 65 65
 
 
+1 #15 Айгүл 2016-03-16 20:19
Жайыңызды түсіндім.Қазырғ ы заманда ақшадан тарығып, көбісі емделуден қашады. Мұңаймаңыз. Өзіңізге қол жұмсауды да қойыңыз!Иглотер апия жəне уколдар жақсы көмектеседі. Алладан үнемі кешірім сұраңыз! Алла шипасын берсін!
 
 
#16 Айткул 2016-03-17 01:24
Сізге операция жасау керек.Бәріде жақсы болады.неше см екен грижаңыз?менім жап жас інімде болды..Алматыға барды без операция жазады дегенге,бирақ жас балаго өтірік ауруды сездірмейтін уколды салып салып жіберген.ауылға келгенде усті басынын бәрі бөртіп кетті уколдан.олда аяғын баса алмай қалды,ен соңында біздердің айтуымызбен операция жасатты.Аллаға шүкір,қазір сап сау.мен Ақтау қаласынанмын.гр ыжаны массажбен,уколм ен кетірем деген өтірік,емі операция.квота сұраңыз,емделің із.ауырмаңыз.әс іресе бұл ауру түнде ұйқыңнан айырады.
 
 
#17 Міндетті емес 2016-03-17 23:41
"Грыжа" көбіне омыртқа сақиналарының (басқа да жерлер) зақымдануынан немесе ондағы майлардың ағып, қатып, жүйке жүйелерін қысып қалудан болатын ауру түрі. Оған ота жасатуға болмайды. Тек массаж арқылы жазыла аласыз. Бірақ ұзақ процесс. тек үлкен шыдам керек. Бастысы, жазылуға болады, үміт үзбеңіз. 87014441525 Айгүл деген сынықшы-емшіге хабарлассаңыз. Осындай көп адам жазылып кеткен. Бұл кісі ақша сұрамайды, ниетіңізге қарай бересіз. Мүмкін сеп болар.
 
 
+1 #18 нурзат 2016-05-03 20:42
куыктагы грыжаны кала емдеуге болады