Біздің көшенің азғындары...

bizdin koche

Біздің көшені ауылда «алқаш көше» деп атайды. Олай неге атайтынын іштеріңіз сезіп те отырған шығар. Басқа жерлерде ер адамдар топтасып арақ ішіп жүрер болса, біздің көшеде кілең әйел адамдар шеттерінен ішімдікке салынған. Арақ ішкен адамның адамшылық келбеттен айырылып, азатыны белгілі. Жай ғана «азу» деген сөз біздің көршілердің бейнесін ашуға жеткіліксіз деп ойлаймын, өйткені олар қазір хайуанның күнін кешу үстінде. 


Менімен іргелес тұратын Бағдагүл – бес баланың анасы. Күйеуімен айырылысып кеткеніне он шақты жыл болған. Бес баласының үлкенін тұрмысқа беріп, қалған төрт баласымен қалып еді. Кейін аудан орталығында интернат ашылып, төрт баласын соған орналастырған. Әу баста үкімет Бағдагүлге тап-тамаша жәрдемақы төлеп тұрушы еді. Бірақ ауылдастарымыз оның бар ақшаны араққа салатынына наразылық білдіріп, билік адамдарына шағым білдірген соң, оны жәрдемақысынан айырып тастаған. Жәрдемақыдан қағылғалы Бағдагүлге өзегін жарып шыққан өз перзенттері қадірсіз болып қалды. Біздің үйіміздің сол жағында тұратын көршіміз Ерсайын да әйелінен ажырасқан, мандытып жұмыс істемейтін, араққа үйір азамат еді. Кейінгі кезде ол Бағдагүлдің қолына кіріп алып, екеуі ерлі-зайыптының тұрмысын кешуде. Ерсайын қолына кіргелі Бағдагүл балаларын есінен мүлдем шығарды десе де болғандай. Бұрын сенбі күндері балаларын интернаттан алып, жексенбі күні апарып тастап тұратын. Енді тіпті ат ізін салуды қойып алды. Тіпті каникулда да Бағдагүлдің балалары интернатта қалып қоятын болды. Бастапқы кезде балаларға жаны ашыған сіңлісі оларды фермаға алып кетіп жүретін еді. Өзінің де төрт баласы бар, төрт балаға төрт баланы қосып бағу оңай болмаған шығар, кейін оларды алмайтын болды. Бағдагүлдің балаларын көрмегеніме екі жылдай болып қалды. Себебі олар үйлеріне келмегелі сонша уақыт болған. Естуімше, олардың тәрбиесін интернат басшылығы оқудан тыс уақытта әкелеріне жүктегенге ұқсайды. Алайда ол балалардың екеуі – қыз бала, еркек адам оларға қайбір жөнді қарай алып жатыр дейсіз? Және ол кісі үйленген, бір әйелдің қолына кіріпті деп жүретін, бөтен әйелдің қолына қараған төрт баланың тағдыры не болып жатқанын кім білсін?
Бұрын, балалар барда мен оларға амандасып ара-тұра Бағдагүлдікіне кіріп шығатынмын, сонда төргі бөлмедегі кереуетте үнемі Бағдагүл мен Ерсайын ашық-шашық ұйықтап жататын еді де, балалар ауызғы бөлмеде аштан аш отыратын. Үстел үстінде босаған шөлмектер ғана жатады. Анам аяп балаларға нан салып, пісірген көжесі мен ботқасынан беріп жүрді. Қазір олар не күйде екен?.. Жиі уайымдаймын!
Бағдагүлдің үйінің ар жағында тұратын Сәукеле – елуден асқан әйел. Кезінде дұп-дұрыс отанасы болған. Балалары тап-тамаша азамат болып өсіп, қалада еңбектеніп жатыр. Негізі, Сәукелені былайғы жұрт сыйламайды емес, сыйлайды. Мүмкін, оның марқұм күйеуінің жақсы қасиеттерін ауылдастары ұмыта қоймаған болар. Десе де, мына түрімен көп ұзамай-ақ бұл Сәукеленің бар сый-құрметінен, абыройынан біржола жұрдай болары анық. Өйткені жасы елуден асса да, ауылдың , жас жігіттерінің бәрі соған барады. Мәселен, менің сыныптастарымның жасы небәрі 28-29 жастарда ғана ғой. Солар Сәукелеге барып уақыттарын өткізіп жүреді. Әнеугүні сыныптас балалар «көшеде жүріп қайтайық» деп шақырған соң мен де еріп шыққанмын. Жазда әдетте гитарамен әндетіп есік алдында отыра беретін едік. Қазір қыс уақыты ғой, далада отыра алмайсың. Содан «Жүр, Сәукеле жаққа барып қайтайықшы», - деді Сәтбек пен Архат. Мен бастапқыда олардың не үшін бармақшы болғанын ұққам да жоқ. Бір шаруалары бар шығар деп ойлап қалдым. Сөйтсем, олардың ниеттері түзу емес екен. «Сәукештің бүкіл қызығын мынау көріп жүр ғой», - деп, Архатты түртіп қалды Сәтбек. Архат болса мырс-мырс күледі. «Өзі емес пе шақырып алатын?» - деп қояды тіпті. Олардың сөздеріне сеніңкіремей, өзім мәселенің мәнісіне көзімді жеткізбекке бел будым. Сәукеленің есігінің алдындағы сатының жанында аялдап тұрмыз. Жігіттер шылым шегіп тұр. Бір мезгілде айғай-шу басталды да кетті. Біреу арт жағымыздан жетіп келіп, кір жуатын жез шылапшынды біздің жаққа қарай лақтырып кеп қалды. Айнала азан-қазан болды да кетті. Қарасам, жанымызда тағы бір көршім – Мәрзия тәте тұр. Ол Архаттың туған әпкесі. 
-Қыршын келгір, күллі Қазақстаннан қатын таппай жүрсің бе, енді біздің көшеге келсең, аяғыңды сындырып, мүгедек қылып жіберемін! – деп, ол кісі қолындағы қамшымен Архаттың арқасынан осып-осып жіберді. Сөйтсем, ол кісі Архаттың Сәукелемен байланысы барын ұзынқұлақтан естіп, өз көзімен көрейін деп аңдып жүреді екен. 
Мәрзия тәтеден әрең қашып құтылдық. Архатқа қоса бізді де бір-екі сабап жіберді. 
-Туф, мына Мәрзияның біліп қойғаны пәле болды ғой. Жып-жылы жерде шай ішіп отыратын едік ендігі, - деп өкініп қойды Архат. 
- Қойыңдаршы, жігіттер, егде тартып қалған әйелде нелерің бар? Сене алар емеспін, - дедім әлі де оларды жамандыққа қимай. 
- Ой, бала, сен артта қалып қойыпсың ғой. Бұл күні жас қыздармен жүру тиімсіз. Сыйлық сұрап, телефондарына бірлік сұрап мазаңды алады. Сәукеле дегенің мықты әйел ғой, шіркін. Өмір көрген. Қашан барсаң да етін асып, сырасын ортаға қойып, қарсы алады. Бірлікке телефоныңды өзі толтырып қояды. Басыңды қатырмайды. Мейрамдарда сыйлығыңды қалтаңа қыстырып жібереді. Қарызға ақша сұрасаң бетіңді қайтармайды. «Плюстары» өте көп. Кәрілігін тіпті сезбейсің. Құшағы оттай ыстық. Төсекте теледидардан көргендерінің бәрін жасап, он сегіздегі аруыңнан әрман. Небір үлбіреген әсем іш киімдер киіп әрі өтіп, бері өтіп, есіңнен тандырады, - деп, Архат күрсініп қойды. 
- Қойшы, мен сендерге сенбеймін. Сәукеле осынша шашылып қайтеді? Одан да беретінін өз бала-шағасына бермей ме? – деймін мен.
- Өй, нанбасаң, жүр, қазір барамыз. Мәрзия ендігі жездемнің шайын беріп отырған шығар, - деді Архат. 
Не болса да тағы соңдарынан ердім. Ергенімді қайтейін, Сәукеленің үйінде небір сұмдықты көріп, көп адамнан көңілім қалды. 
Сол үйде Бота деген тағы бір көршіміз жүр екен. Оның да басы бос келіншек. Араққа салынған маскүнем деп айта алмаспын, десе де, ішімдікті жиі ауызға алып, қызу жүретін кезін жиі көремін. Бізді көріп Бота мен Сәукеле жаман қуанды. Содан, дастархан жайып, таяу маңдағы дүкенге жүгіріп, үстел үстін толтырып тастады. Сауық құрып ұзақ отырдық. Мен сыра іштім аздап. Қалғандары ақаңның өзін сімірді. Бірнеше шөлмектің жүгі қайдан жеңіл болсын, төртеуі де бәрсыпыра масайды. Масайғаны несі, әйелдер жағы есін білмеуге айналды. Әйел адамның мас болғаны тіпті қиын екен, екеуі менің екі досымды шыр айналдырып әкетіп барады. Мен олардан жалығып теледидар көріп жатыр едім, қалғып кетіппін. Бір уақытта оянсам, сылқ-сылқ күлген дыбыс шығады. Сөйтсем, Сәтбек пен Бота тыр жалаңаш. Есіктің саңылауынан сығалап, көрші бөлмедегі Сәукеле мен Архатты аңдып, олардың қимыл-қозғалыстарын рахаттанып тамашалап отыр. Төртеуінің де әрекеттерінен жүрегім айнып, далаға қалай атып шыққанымды білмеймін. 
Келесі күні кешкісін жігіттер тағы келді. «Кешегілерің ұят екен, ей, жігіттер!» - дедім. Сәтбегім тырқ-тырқ күледі. «Бота дегенің қызық, ей, төсекте жатқан адамдарды тамашалағаннан рахат ала ма, өзі сондайға құмар ма, немене, ондай әдетін екінші рет көріп тұрмын», - деді. 
Оның айтуынша, Ботаның да өнері көп екен. Ол, мәселен, Сәукеленің үйіне небір адамдарды жинап алатын көрінеді. Бір жолы зейнеткер қария Тұрсынбекті шақырып әкеп, оған коньяк, басқа да ішіп-жем алдыртыпты. Сондағысы, Тұрсынбекті «Саған көршім Жазираны шығарып берем» деп қызықтыратын көрінеді. Жазира да жасы ұлғайыңқырап қалған әйел, бірақ Тұрсынбектен әлдеқайда жас. Ең сорақысы, оның қарт жұбайы, ал Тұрсынбектің бәйбішесі бар. 
-Ойбай, бұлармен кешкен күнің кез келген сериалдан қызық. Бір күні мен Сәукеленікіне келсем, есік алдында аппақ көлік жарқырап тұр. Үйге кірсем, Тұрсағаң мен Жазира, Бота отыр. Бәріміз отырып іштік. Содан Бота ерігіп: «Тұрсаға, бәрімізді табиғат аясына апарыңызшы!» демесі бар ма! Содан бәріміз көлікпен тауға шықтық. Сәукеле үйде қалған. Көлікпен тау үстінде тұрмыз. Бір уақытта Бота: «Тұрсаға, сіз Жәзекең екеуіңіз артыан отырыңыздар!» - деді. Бәріміз маспыз ғой. Тұрсынбек пен Жазира артына отырды, Бота шопыр отыратын жерде отыр. Мен де алдыңғы орындықта отырмын. Бір уақытта музыка тыңдап отырып Бота ұйықтап қалды. Мені де ұйқы қыса бастады. Мені ұйықтап қалды деп ойлады ма, Тұрсағаң Жазира апайға еркектік таныта бастады. Екеуі «шаруаларына» кірісіп кетті. Бір кезде қарап қалсам, Бота бір көзімен сығалап қарап отыр оларға. Өтірік ұйықтап отырғанын білдім. Оған таңғалып отырғанда біреу сырттан көліктің терезесін таяқпен ұра бастады. «Жазира, қайтсаңшы үйге, болды ғой», - деп қояды. Мәссаған! Кәрі шалы кімнен біліп қойғанын қайдам, артымыздан келіп, бәрін көріп тұр екен! Бота сасқанынан газды басып қалып, көлікті төмен қарай ызғыта жаздады. Аударылып өле жаздадық. О-о-о-о-ой, Сәрсен, қызықтың бәрі, сериалдардың бәрі сенің көшеңде ғой! – деп арқамнан қағып қойды. 
Осыны естігенімде көз алдыма Жазираның шалы елестеп, жылағым келді. Өте жуас, адам баласына жазығым жоқ адам ғой. Сондай адамға қиянат жасап жүрген Жазираға да, Тұрсынбекке де лағнет жаудырғым кеп кетті. Біздің көшенің алқаштарында бұдан басқа да әлі талай сұмдық жететін шығар. 
Осындай лас әрекеттердің ортасында жүрген өз жолдастарымды да осы сөздерінен, істерінен кейін сыйлағым да келмей қалды. 
Дәл қазір біздің көшенің көшенің азғындары не істеп жатқанын ойлағым да келмейді. Басқа жаққа көшіп кетсем ғой, шіркін!

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Тансулу 2016-03-04 12:21
Казіргі заманның жастары деп, барлығын жастардан корип жатады. Ұл-қызы жетілген бұл кісілерден жастар осындай үлгі алады ма? Сонда олардың ұл-қыздары естимейді ме екен беті құрсын.
 
 
#2 Жанар 2016-03-07 12:57
Ужыыыыыыс :sigh: