Роза Әлқожаның «Күйеуіме тоқал әперемін» деуі-ақымақтық!

roza

Сәлеметсіздер ме! Менің есімім – Айсара. Жасым 36-да. Тұрмыс құрғаныма 13 жылдың жүзі болды. Мектепте сабақ беремін.
Өзім 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Жоғары оқу орнын бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, қолыма дипломымды алып, жүк-жасауыммен, әке-шешемнің ақ батасын алып тұрмысқа шықтым.

Бастапқыда барлығы жақсы болатын. Күйеуім екеуміздің махаббатымызға, бір-бірімізге деген сый құрметімізге туған-туыс, дос-жаран қызыға қарайтын. Күйеуім де жігіттің төресі.

Қазақтың  әндерін қалықтата орындағанда, тойдың сәні болатын. Менің де өзіндік әдемілігім бар еді. Күйеуім «талай қыздың ішінен таңдап алғаным» деп отырады ылғи. Ата-енем де көзі ашық, оқыған адамдар. Үш жыл ата-енемнің қолында тұрғаннан кейін ол кісілер бізді еншімізді беріп бөлек шығарды. Сөйтіп, жұмыс істеуді, өз бетімізбен аяққа тұруды жөн көріп, қалаға көшіп келдік. Менің әке-шешемнің, ата-енемнің қолдауымен әйтеуір үш бөлмелі үй алдық. Қалаға келген соң күйеуім жеке кәсіппен айналысуды жөн көрді. Мамандығы заңгер еді. Бастапқыда қиналдық. Артынан несие алып, әйтеуір Алланың берген несібесі шығар, күйеуім шағын жеке офис ашты. Біртіндеп жағдайымыз түзеле бастады. Екі жақтап тапқан табыс үйіміздің берекесін енгізе бастады. Ол кезде үйленгінімізге төрт жыл  болса да арамызда бала болмаған кез. Мен мазасызданып, күйеуім де сары уайымға салына бастады.

Осылай нәресте күтумен жүрген күндердің бірінде мен бойыма бала біткенін аңғардым. Дереу толық дәрігерлік тексеруден өтіп, шынымен де жүкті екенімді біліп, біз аса бір қуанышты күндерді бастан өткізіп жаттық.

...Қазір шүкір, екі ұл, екі қыздың анасымын. Балаларымның алды өсіп қалды.  Қысқасы, менің айтайын дегенім, соңғы кезде мазалап жүрген нәрсе бар. Ол күйеуімнің мінезінің күрт өзгеруі. Жоқ, бұрынғыдай үйге қонады, әйтеуір ақша тауып, жағдайымызды жасап отыр. Бірақ... Әйелдің сезу қабілеті мықты ғой, күйеуімнің ойы басқаға кетіп жүрген сияқты. Әсіресе, «тоқал» туралы сөз қозғалса бітті, інінен шыққан тышқан ұқсап, көзі жайнап шыға келеді. Бірақ мен өлсем де оған жол бермеймін! Мүмкін мен өзімшіл шығармын, бірақ күйеуімді сүйетінім сондай, оны ешкіммен бөліскім келмейді!
Кей әйелдердің «Күйеуім тоқал алған соң оны бұрынғыдай  ұстаймын ғой» дегені бос сөз. Ер адам сүйген әйелінің ғана ығына жығылады. Ал жарын шынымен сүйетін еркек басқа әйелге көз салушы ма еді? Тоқал пайда болды деген сөз - бәйбішеге деген махаббат сезімі суыды деген сөз емес пе?

Оның үстіне соңғы кезде, әнші бар ғой, Роза Әлқожа ма, сол бірнеше  баласы бола тұра, әлеуметтік желілерде «күйеуіме тоқалды өзім таңдап әперемін» деп жар салып жүр ғой? Сол ұят емес пе енді? Розаны бұрын сұмдық жақсы көріп, сыйлаушы едім, содан кейін тіпті тыңдағым келмей қалды. Пайдасы тимесе, басқаға зиянын тигізбей тыныш жүрсін! Оның сұхбатын еркектер жерден жеті қоян тапқандай, жарыса көшіруде. Шіркіндер-ай десейші, бір отбасына жарытып жеткізе алмай, тоқал деп таңдайлары тақылдайды! Алдымен бала-шағаларын жетістіріп бағып алсын!

Сол ақпаратты интернеттен оқыған менің күйеуім «сен елдің әйелі сияқты ақылды емессің, көрдің бе, олардың әйелі күйеуіне тоқалды өздері таңдап береді» деп менімен ұрсысатын болды. Соңғы кезде үйге кеш келетін болды. Үстінен өзге әтірдің иісі шығатын сияқты ма... Білмеймін, қызғаныштан көзімді шел басып, басым қатып кетті. Мүмкін күнде той, күнде концерт, халықтың қошеметіне бөленіп, үлде мен бүлдеге оранып, өзіме сенімді боп жүрсем, мен де күйеуіме «тоқалыңды алсаң ал, кетсең кете бер, мен өзіме сенімді әйелмін, әйтеуір ақшам бар!» деп отырар ма едім, біз сияқты мұғалімдерде қайбір ақша болсын?  40-50 мыңды місе тұтуға тура келеді.
Қазір осы хатыма жауап жазғыштардың не айтатынын білемін, «кезінде ата бабаң төрт әйелден алған» деп шыға келеді. Алса, алған шығар, бірақ сол кітапта бәйбішелердің жан дүниесінің қандай сезімде болғанын жазды дейсің бе? Ол кезде әжелеріміз тіпті оқи да алмаған ғой...

 

Айсара.



 

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+2 #1 Динара 2016-03-04 09:11
Қазақ байыса тоқал алады дегени шын боп тур гой. Мен де қарсымын тоқал алганга.
 
 
+5 #2 LauJanatovna 2016-03-04 09:59
Автор Сізбен толық келісемін! Ең бірінші Өзінің әйелінің, бала-шағасының жағдайын жасап. 4 қабырғасы түгел болғаннан кейін, ата-анасының аяғын ыстық суға салғаннан кейін, Өзінің жары келісім бергеннен кейін ғана алуға рұқсат беру керек.П.с. жоғарыда айтылғандардың бәрін 100 пайыз жасайм дегенше ол Өзі ақ кәртейіп қалады :lol: 8) . Сондықтан осы бастан жол бермеу керек. Екінші әйел алғысы келеді ма бүкіл дүние - мүлкін Әйелінің атына аударсын.Түгі жоқ еркек ешқандайда тоқалға қажет емес! 8) 8)
 
 
+1 #3 Дана 2016-03-04 11:04
Барлық нәрсе АЛЛАҺТЫҢ қалауымен болады... Тағдырыңда не жазылса соны көресін, өмірін адам өзі қолдан жасап ала алмайды.
 
 
+1 #4 Тансулу 2016-03-04 11:28
Мен де карсымын. Роза Әлкожамыздын куйеуинин токалы бар да шыгар.Халыққа әдімілеп жеткізген түрі шыгар. Онер адамдары отірік көлгірсігенді жақсы көреді ғой. Әперсе елге жар салмай әпере бермейма.
 
 
#5 Лейла 2016-03-04 11:37
Айсара менин ойымды жазыпсыз.Токал алу кобейсе казак санын кобейту емес ажырасу 2 есеге кобейер еди.
 
 
#6 Ағасы бардың... 2016-03-04 11:44
"Кең болсаң, кем болмайсың" дегені шығар, Розатайдың
 
 
+2 #7 Бөрікті біреу 2016-03-04 11:49
"...іннен шыққан тышқан құсап (негізі, тышқанға ұқсап болуы керек еді), көзі жайнап шыға келед" дегеніне бір күліп алдым. Еркектің бәрі сол ғой, Айсара
 
 
+2 #8 Әсел Айымбет 2016-03-04 12:11
Айсара апай анау бар ғой емес! Ол Роза! Роза Әлқожа! өсек сөз тергеннен басқаны білмейтін КЕЙБІР САУАТСЫЗ журналистердің дақпырт әнгімесіне мән берудің керегі жоқ. Істің байыбына бармай байбалам салымаңыз бұлай! . Роза Әлқожаның өзім таңдап әперемін дегенін өз құлағыңызбен есітіп, көзіңізбен көрдіңіз бе? Оның үстіне Тоқал әпере ме жоқ ма ол Роза Әлқожаның өз еркі. Біреудің отбасылық мәселесіне араласып кәйтесіз. Өз ошағыңызға ие болып түтініңізді түтетіп отыра беріңізші.
 
 
#9 Айбек Кәдірбекұлы 2016-03-04 12:13
Дұрыс аитасыз сізбен толықтаи келісем. Ал анау "ата бабамыз төрт әиелден алды"- деген оттаған әңгіме. Бауырлары, туыстары өлген жағдайда жесірді алуға, оның бала-шағасын жетім қалдырмау үшін ата бабамыз тоқал қылып алған. Ал ерігіп екі әйел алған жанұяда ешқашан шынайы бақыт болмаиды деп ойлайым.
 
 
+3 #10 Казак кызымын 2016-03-04 12:30
Токал алгысы келе ме биратала кетсин! Бырак бир шартпен- куйеуин бар мулкин, уйин, машинасын тастап кетсин кудай коскан жарына, типти сот аркылы болса да,соны жасатыныз. Сонда гана коремиз ана токалга кереги бола ма жок па, сол кезде шынайы бети ашылады алайн деп журген кыздын. Казыр дайын аска отыра салатын жас кыздар кобейп кетти, естип жатырмыз, корип те журмиз. Жагдайы бар еркекти тауып алып, шалкып жургилери келеди. Неге осы еркектер ЭГОИСТ болып келеди?! Неге казак айелдернеи де сол эгоизмди уйренбеске? Сиз бар жастык шагынызды соган арнадыныз, сонын жагдайын жасап, озинизге талай затты алмай, тек отбасыга тасып журдиниз, солай емес пе барлык айелдер? Ал казыр сизди ойламай, жас кызга кеткели турганда, сиз оны неге аяу керексиз?
Ал Розага келсек бул тек театрдагы спектакль сиякты го, онын сюжети баягы жазылып койган(ягни токал бар, тек халыкка оз пайдасына карай жария еткендегиси), ал биз тек корерменбиз соны тамашалап отырган.
 
 
#11 Айгуль 2016-03-04 12:49
Дурыс айтасыз еркектер кутырган.Семьяд а бакыт болмайды.токал алса.Баягы заманда токал алса байбишелери сол куйеуинин агасы.инилериме н конилдес болган :eek:Роза апайымыз баска куйеуге шыккысы келип жур гой. :D :D
 
 
+1 #12 Айсара 2016-03-04 20:36
Айсара,мен сиздин Розаны киналауынызды тусинбедим? Бул жерде болып отырган жагдай, оз ошак-отбасынызд агы ангиме, не ушин Розаны каралап озинизге куна жинап жатырсыз, налып-ренжисени з оз от басынызда шешпейсиз бе маселелеринизди , алде сиз елге жар салып айгайлаганда, биреулер келип сиздин куйеуинизди токтатама? Еркекте ес жок деген соз бар,егер ол токал алам деп шешсе солай болады,оны мен, алде жар салып айгайлап отырганынызды тындап отырган азаматтар мен азаматшалар шешип береме? Ал Розада шаруаныз канша неше рет куйеуге шыкса жане болмаса куйеуи он токал алса, ол олардын жеке басынын маселеси. Жаксы айел жаман еркекти адам кылады деген, айгайлап куйеуинизди елге жамандаганша, соны озиниз тарбиелеп алмайсыз ба, жаксы айелден еркек кетпейди...жане торт баланыз болып турса, сизге акыл айту уят.. :o