Интернет мені әйелімнен айырды...

internet

Бұл 2010 жыл болатын.  М-агент деген шіркіннің жұлдызы жанып тұрған болатын. Сүйген жарым сол агентте жүр екен. Ақбоз атқа мінбесем де, ғаламтордан кездескен соң, ол менің кеудемнен итерген жоқ. Аты Ғалия еді. Онымен жарты жыл сырласып жүріп, ақыры үйлендім.
«Әлемдегі ең сұлу қыз сен үйленген күні жолығады» деген екен біреу. Сол рас болса керек, мен отбасылы болғаннан кейін әлеуметтік желілерді қарасам, сұлу қыздар өте көп екен. Бұрын қалай байқамағанмын... 


Мен дәп бір бойдақ адамдай тізгінді ағыттым. Үй, келіншегім, туған-туысым жайына қалды. Бір мезетте бірнеше қыздың басын қатырамын. Кейбірімен кездесіп, кафе кезем, түнгі клубта түнеймін. Әйтеуір бейіш-ғұмыр басталды. 
Шындығымды айтайын, үйге барғым келмейді. Өйткені, мені онда ылғи да қатулы қабақ күтіп тұрады. Мені онда ұрыс-керіс қарсы алады. 
Ал интернетте... Күлкі, жайма шуақ өмір...
Бір күні келіншегім Ғалия аяғының ауыр екенін айтты. Қуанудың орнына «Кімнен?» деппін көзім шарасынан шығардай болып. 
Келіншегім: «Мен сен секілді жүргіш емеспін» деп алдыма бір папканы әкеп тастай салды да, киімдерін жинап, үйден шығып кетті. Ол кезде маған бәрібір еді. 
Әлгі папканы ашып оқи бастадым. 
Ой сұмдық-ай! Интернетте қыздарға жазған хаттарым, сырларым, әзілдерім, олармен түскен суреттерім бәрі-бәрі рет-ретімен топтастырылыпты. Оқыған сайын өз-өзіме риза боламын. Мен не деген кереметпін?! Мен не деген сері адаммын!
Ғалия сол кеткеннен оралмады. Ал мен осылай шегіртке-ғұмыр күндерді өткізе бердім. Бір күні келіншегімнен интернет арқылы «Ұлды болуыңмен!» деген хат келіпті. Кіп-кішкентай нәрестенің он шақты суретін де салып жіберіпті. Әлгі суреттерге қарап отырып, жүрегім зырқ ете түсті. 
«Мен нені бүлдірдім. Құдай-ау, мынау менің балам ғой. Мен қалайша...»
Бірақ бәрі кеш еді. Міне 1,5 жылдан бері Ғалияның ата-анасының алдынан 5-6 рет өттім. Олар маған қыздарын бергісі келмейді. Менің түзелгеніме сенбейді. Не істеп, не қоярымды білмеймін. Менен аумайтын құлыншағым Әнуар қазір тәй-тәй басып жүр. Оны өз үйіме әкелгім келеді. 
Өткенде интернеттен бір қызық дерек оқыдым. Кейбір діндар бауырларымыз үйге келген соң әлеуметтік желілерді пайдаланбайды екен. Егер ол интернетке кіретін болса, отбасына өз деңгейінде көңіл бөле алмайтын көрінеді. 
Бұл идея маған қатты ұнады. Егер де жан жарым Ғалия мен ұлым Әнуар мені кешірсе бар ғой, интернетке  мүлде кірмейтін боламын. Маған ең алдымен өз отбасымның бүтіндігі керек. 
Құдайдан тілейтінім осы ғана.

Қабай.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+4 #1 Жансая 2016-03-04 16:32
Интеренетте зато жумыста отырып, кундизги уакытта кездзесем десенши ойнастарынмен. Ауру калса да адет калмайды, ертен бул адетин тагы кайталайды. Галия келмегени дурыс, ары кетсе 5 жыл тыныш журер, баягы жартас сол жартас. Озине ор озин казып алыпсын, сен баланнын кушагына лайыксыз адмасын. Галия да мыкты екен барин шыгарып турып акелген, оган жони тузу жигит, баласына дурыс тарбие беретин адам кездессин. Ал сен болсан ищин куйып соган карап омирин отумен болады. Жыным келеди сендейлерге.