Анам мені неге жек көретінін түсінбедім...

anam jek_kored

Өмірде өз анасына деген жек көрініш сезімі бар адамды көрмеген боларсыз. Іштей ойлап тұрған шығарсыз, анасын жақсы көрмейтін адамның өзінде бір кінә болуы мүмкін деп. Анамның осыншама мені жек көретінін өзім әлі күнге дейін түсінбей келемін. Негізі, мен бөтенге өз сырымды айтып, анамның қылығын айтуға да намыстанамын. Маған жаны ашып "Айтуға оңай" бағдарламасына шақырғандар да болды. Бірақ, мен анамды бүкіл ел табалағанын қаламаймын, жаман болсын жақсы болсын "ана" деген аты бар ғой, туысқандарымды ұятқа қалдырғым келмейді. Менде туыс жоқ емес, мен туысқа бай адаммын. Тек, менің ешкімге керегім жоқ... 

Толығырақ...

Үйді сатқызбай қойған кім?

domovoy

Ләйлә өзі тұратын пәтерін сатуға бел буды ақыры.12 жыл тұрған баспанасын қимаса да, жалғыздықтан жабыққан болар, ауылға, анасының жанына барып тұруды ұйғарды. Оның үстіне бұрынғыдай жас емес. 42-ге толды.

«Пәтер сатылады» деген жарнаманы газетке де, радиоға да берді. Хабарласушылар тым көп-ақ. Біріқ бағасын келісіп, жолығамыз деп шешкен күні, неге екені белгісіз, сатып алушы келмей қала береді. Мән-жайды білмек болып, телефон нөміріне хабарласып та береке таппайды.Тұтқаның ар жағынан гуіл де естілмейді. Бір емес, барлық байланыс осылай…Қызық. Не де болса, пәтер сатылмай тұр. Жарнама берген күннен бері 2 апта өтті.

Әдеттегінше, жұмыстан үйге қарай бет алып келе жатқан еді. Қалта телефоны шыр ете қалды. «Бастық шығар» деген оймен, асығыс қоңырау нөміріне көз тікті. Жоқ. Нөмір бөтен.

Толығырақ...

Күйеуімді көргім келмейді!

ssora

Оқырман хаты

Қоғамдық көлікте күн сайын нешетүрлі жанмен ұшырасасың. Нешетүрлі тағдыр иелерін көресің. Тіпті күн сайын бір мезетте автобусқа бірге мінген соң көзтаныс болып та қаласың кейбіреулерімен. Ұзын бойлы, қарақат көздері қараған жанның жадында мәңгі сақталып қалардай әдеміше келіншек сол көп көзтаныстарымның бірі. Күн сайын көріп жүрген соң оның күнделікті көңіл күйін бақылау менің әдетіме айналды. Көздері күлімдеп айналасына шуақ шашқан күндері белгілі, көңіл күйі көтеріңкі деген сөз. Кейде қабағы салыңқы тартып, көзінің алды көгеріңкіреп тұрады. Түнімен ұйықтамаған екен ғой деймін. Ал бір күндері тіптен көздері қызарып келе жатады. Әп-әдемі келіншектің жанына батқан жан жарасы бар екені анық еді. Оған көп өтпей-ақ қанықтым. 

Толығырақ...

Ауылдан қуылуыма не себеп болды?

ayildan kyy

Ата-анамыздан жастай жетім қалдық. Әкем кішкентай күнімізде атылып қайтыс болды. Атылуының себебі – ол есін білмей мас болып, жасы тым кәрі бір кемпірді зорлаған көрінеді. Сөйтіп, өз масқарасын өзі көтере алмай, о дүниеге кете барды. 
Анамыз да ұзаққа бармады. Анам ауырып қайтыс болғанда мен 8-сыныпта болатынмын. Тұрмысқа шыққан бір әпкем бар, ағамыз үйленіп үлгерген. Сол себепті үйдегі шиеттей 5 баланың үлкені болып мен қала бердім. 

Толығырақ...

Жесірлік бәріне бірдей қасірет бола бермейді...

chastlivaya

ОҚЫРМАН ХАТЫ

Адам баласының тағдыры әртүрлі өріліп, бақыт та пендеге әр түрлі жолмен келетіні рас. Бұрын жесір деген ұғым менің көңілімде бақытсыздық пен жалғыздықты, жоқшылықты елестетіп тұратын. Бірақ жесірлік елдің бәріне бірдей қасірет бола бермейді екен. «Әйел қырық шырақты» деген сөз бар емес пе, артық кетіпті деп сөкпеңіздер, дегенмен, кейбіреулерге жесірлік осы қырық шырақтың бірі боп жана ма деп қаламын кейде. Олай деуіме өз тағдырым себеп болып отыр.

Толығырақ...

Елес қызбен кездесу

eles

Кешкілік Ерлан қалаға келе жатты. Айнала қараңғыланып барады. Қыстың қысқа күні бұлтқа оранып, қызарып батып бара жатыр. «Ертең аздап аяз болар»,- деп ойлады Ерлан. Ойлағаннан тоңып қалды ма, бірден көлігінің жылытқышын шегіне апарып қойды. Астана алыстан мұнартып көрінеді. Будақтаған түтін арасында қаланың сұлбасы айқындалмаса да, сансыз шырақтың жарығы бұлтты жарқыратып, қала мына жерде деп нұсқап тұр. Ерлан Астанадан қашық емес ауылдың бірінде тұрады. Жазда құрылыста жүргенімен, қыста жұмыссыз. Балаларға бас-көз болып, үйде жатады. Тек әйелі ғана жұмыс істейді. Ауылда емес әрине, қалада. Үлкен сауда орталығындағы кинотеатрда істейді. Жұмыстан кеш босайтындықтан, ертерек ауылдан келіп алып, жаңадан шығып жатқан кинолардың біразын жұрттан бұрын тегін тамашалап үлгеретіні жақсы.

Толығырақ...

Әйелім болмаса мен кімге керекпін?

Оқырман хаты

Әскери aielim bolmasaборышымды өтеп келіп, ауылда "сайран" салып жүрген уақытым. Жаз шыға оқуға тапсыру ойымда бар. Жүріп жүрген көрші ауылда қызым да бар еді. Жастайымнан өжет, спортқа құмар, гитарамен ән салатын жан болдым. Достарым да көп еді. Ол кезде ата-анам тірі болатын. Көрші ауылда бір жігіт әскерден келіп, соның "вечерінен" қайтып келе жатқан жолда жол апатына ұшырадық. Барлығы дін-аман. Тек, менің омыртқа сүйегіме зақым келіп, екі аяқтан айырылып қалдым.

Толығырақ...

Сәби рухы ойнаған үй

 

ruhАқтөбе қаласындағы Чернышевский көшесіндегі жер үйді сәбидің рухы кезіп жүр. Бұл сәби үй іргесін қалауға деп әкелген ыстық бетонға байқаусызда түсіп кетіп, күйіп өлген екен. Баланы жерлеуге тек сүйектерін әрең жинап алған деседі. Бірақ ақшаға келген дүние ғой деп бетонды сол үйдің сылағына пайдаланған. Содан болар сол үйде кішкентай баланың қылықтарына келетін түрлі құбылыстар болып тұратын көрінеді.

Толығырақ...

Енеме неге жақпаймын?

 

eneme zhakpaiminОқырман хаты

Менің де ата-анам бар, Құдайға шүкір. Келіні десе ішкен асын жерге кояды, жеңгем де жақсы. Мен де болашақта ата-енемің айтқанын екі етпеймін деп ойлайтынмын, олар да жылы қабақ танытар деп білгенмін. Бірақ, өмір деген оңай емес екен. Ұнаған жігітке тұрмысқа шықтым.Үлкен отбасыға келін боп түстім. 5 ұл 3 қыз. Өкінішке орай, күйеуім үйдің кенжесі.

Толығырақ...

Ессіз ғашықтықтың соңы өкінішке әкелді...

essiz

Оқырман хаты

Оқушы кезде де, студент болып жүрген кезде қыздармен бірге той-думандатып жүрмедім. Сөздің ашығын айтқанда, жоғары оқуды, магистратураны бітірігенше жігітпен жүрмек түгілі сүйісіп те көрмеппін. Бар ойым оқуымды қызылмен бітіру болды. Армандаған қызыл дипломға да қол жеткіздім. 
Оқуымды бітіріп ауылға барып «Саматжан ағаның қызы екі оқуды да қызыл дипломмен бітіріпті» деген атқа ие болдым.

Толығырақ...

Төртінші әйелден бақыт табамын ба?!

 

tortinshi aielОқырман хаты

Біз отбасында үш баламыз. Менен үлкен апкем және інім бар. Ес білгелі анамның жанжалын көріп келеміз. Анам болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарып үйдің берекесін алатын. Әкемнің мінезі тұйық, сабырлы кісі болатын. Менің мінезім әкеме тартса керек. Анам болмашы бір нәрсеге жанжал шығарғанда, әкем әрдайым сабырлы болуға тырысатын. Әкемнің тәрбиесі болар, мен де солай жасайтынмын.

Толығырақ...