Осы мені желіктіріп жүрген не?

 

eliktirip zhyrgen_neОқырман хаты

Менің жасым 36-да. Бір ұл, бір қызым бар. Бір қарағанда сырт көзге күйеуім екеуіміз бақытты отбасындай көрінеміз. Той-томалақтарға қолтықтасып бірге барамыз, ағайын-туыс арасында сыйлымыз, туған-туыстың қуаныш-қайғысында бірге жүреміз, үйімізге қонақ келсе бар құрметімізді көрсетіп күте аламыз. Былайша айтқанда бүтін бір отбасымыз. Күйеуім бар тапқанын үйіне әкелетін, отбасының қамқоршысы, балаларымның абзал әкесі. Мен оған 20 жасымда тұрмысқа шықтым.

Толығырақ...

Суынған жүрек жылынбайды екен...

 

suingan zhyrekОқырман хаты

Жас кезімде биді керемет жақсы көруші ем. Мектептегі, кейіннен жоғары оқу орнындағы би кештерінде ортаны бермейтінмін. Әсіресе үнді билерін нақышына келтіре билегенде жұрт дуылдата қол соғатын-ды. Ол кездері мақта терімге барушы ек қой. Алыс аудандағы мақта терімге барғанда сол ауылдағы совхозда жүргізуші болып істейтін жігіт мені алып қашып кетті. Бір қарағанда көз-көрім көркі бар жігіт екен. Алайда қалада қалғым келетін мен үшін күйеуден бұрын ауылда қалатыным жаныма батты. Былайымша күйеуім жаман адам емес.

Толығырақ...