Ас содасының бет терісіне пайдасы зор

soda

Жылдың қай мезгілінде болмасын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі. Солардың бірі - ас содасы. Оны қаншама уақыттан бері үй шаруасында қолданып келгенімізбен, косметикалық құрал ретінде пайдалану көпшіліктің ойына келмеген. 

Ас соданың сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады соған тоқталайық:

Пиллинг. Әдетте жуынуға қолданатын гель немесе көбікшеңізге бір шымшым соданы қосып, алақаныңызда араластырыңыз. Көпіршітіп бетке асықпай жағып шығыңыз. Бірнеше минут бетіңізді уқалап, салқындау сумен жуып тастаңыз бұл жұмсақ скраб беттегі ұсақ тесіктерді ашып, өлі жасушалардан тазартып, теріні нәзік әрі қалыпты етеді.

Безеу, бөртуден тазарту. Жылы сода ерітіндісімен жуынып, беттегі бөртуді емдеуге болады. Ерітінді теріні құрғатып, ісіну мен қозуды басады.

Теріні емдеуге арналған маска. Екі ас қасық ұнды (бидай, сұлы не қарақұмық ұны жарайды) бір шай қасық содамен араластырыңыз. Қоспа араласып біткенінше жылы су қосып отырыңыз. Масканы таза бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы суға суланған мақтамен сүртіп тастаңыз. Бұл әдісті күніне бір рет жасап тұрған жөн.

Шашты тазарту. Сода гель, лак, маскалардың қалдықтарынан жақсы тазартады. Өзіңіздің сусабыныңызды 4:1 қатынасында содамен араластырып, шашыңызды әдеттегідей жуыңыз. Шашыңыз жұқарып, жылтырай түседі.

Тісті ағарту. Тіс жуу барысында пастаның үстінен бір шымшым сода сеуіп, тазалауға кірісіңіз. Бұл скраб тістің эмалін бұзбай тазартады.

Қызыл иектің ісінуін басады. Қызыл иектің ісінуін басу үшін ас содасын пастаға айналатындай етіп аздаған сумен араластырыңыз. Сосын саусақпен қоспаны қызыл иектің бойына жағып, уқалаңыз.

Иісті жою. Ауыз қуысындағы бактерийлерден қышқылдар туындап, тістің эмалін бұзады. Ал ол өз алдына ауызда жағымсыз иістің пайда болуына әсер етеді. Бұл қышқылдарды жою үшін күніне ауызды бірнеше рет сода ерітіндісімен шайып тұру керек. Оны дайындау үшін бір стақан жылы суды бір шай қасық содамен араластырыңыз. Бұл ерітінді сондай-ақ, аяқ және қолтық иісін де кетіруге көмектеседі.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+4 #1 Қарлығаш 2016-03-04 09:05
Рақмет! Мен барлығын жасап, нәтижесіне қуанып та журмін
 
 
+3 #2 daulet 2016-03-05 08:32
8)
 
 
#3 Айнұр 2016-03-06 02:16
:roll:
 
 
#4 Алия 2016-04-23 23:48
Тамаша