Крахмал ботоксты алмастырады

krahmal

Жалпы "қалауын тапсаң қар жанар" демекші, мынадай қиын заманда ақшаны желге шашпай, кремді де, масканы да үй жағдайында жасауға болады. Ал нәтижесі қымбат дүниеден екі есе болуы ғажап емес... Бүгін мен мына масканы жасап көрдім. 

Бізге керегі:

1 ас қасық крахмал

4 ас қасық сәбіз шырыны

1 ас қасық қаймақ

500 мг қайнаған су

1 ас қасық "картоп крахмалын" жарты стақан сумен араластырасыз. Оған қайнап тұрған ыстық судан 500 мг қосып, газға қойып, қоюланғанша араластырып тұрыңыз.
Оттың астын өшірген соң, 4 ас қасық сәбіз шырыны мен 1 ас қасық қаймақ қосып, араластырыңыз.
Суыған соң асықпай бетіңізге жағасыз. 
20-25 минут шыдап отырып, жылы сумен жуып тастаңыз. Кішкене бетіңіз ашиды.
Сосын бетке арналған крем жағыңыз. 
Нәтиже болу үшін 3 күн қатар жасау керек. Қалғанын тоңазытқышқа сақтауға болады. 

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Айнагүл 2016-03-03 09:27
Картоп крахмалымен сəбіз шырынын толық тусіндіретин адам барма.жане имбир деген кайда болады
 
 
-1 #2 Zhanat Bakyt 2016-03-03 09:45
Картоп крахмалы дүкенде сатады, екі жүз теңге. Имбирь де дүкенде бар. Үш жүз теңге тұрады. Ал сәбізді теркадан өткізсеңіз, соның шырынын пайдаланыңыз
 
 
#3 Асемхан 2016-03-03 09:57
Картоп крахмалынын маскасы бетке кандай пайдасы бар . Секпил кетирема?
 
 
#4 Aika 2016-03-03 10:05
Әжім болмайды
 
 
#5 Манзура 2016-03-03 11:00
Каймактын орнына катыкты колданса болама?
 
 
#6 Лаззат 2016-03-03 11:54
имбирьді базарда сатады,кг мың теңге тұрады.
 
 
#7 Балгын 2016-03-04 01:10
Сəлеметсіз бе? Бұл маска даққа əсер ете ме? Сосын, қандай теріге қолдануға арналған.майлы, аралас теріге жарай ма? Рахмет.
 
 
#8 кура 2016-03-19 03:10
Салеметсизбе Жанат ханым 500мгдеген кандай колем?мен 500гр шгар деп жарты литр куйып журсем,меники суйык болп кетти,жауап кутем сизден,