Газ плитасының темір торын оңай әрі жылдам тазалаудың әдісі

gaz

Газ плитасының бетіндегі темір торды тазалау азаптың азабы. Оны тек қыз-келіншектер біледі). Әсіресе, балық қуырғаннан кейін, бауырсақ пісіргеннен кейін газдың беткі жағы да, үстіндегі темір тор да май боп қалады. Бүгін мен сіздерге оны тазалаудың оңай әдісін жазамын.

Ол үшін бізге керегі:

Темір торыңыз сиятын полиэтилен пакеті;

Мүсәтір (нашатыр) спирті;

Шашатын ыдыс («Мистер Мускулдың» ыдысы жарайды)

 

Тазалау әдісі оп-оңай. Темір торды пакетке салып, нашатыр спиртін шашып, пакеттің ауызын жақсылап жауып қоясыз.

Жарты сағат өткен соң газ плитасының темір торын тек қана сүртіп алсасыз. Болды. Нәтижесі қалай болды екен, бөлісе отырыңыз!

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...