Қарақұмық диетасы

grechka

Қарақұмық (гречка) диетасының ұзақтығы бір аптаға созылады. Диета ұстау барысында қосымша жаттығулар жасап тұрған абзал. Мысалы, тер шығатындай қалың киініп алып, сатымен жоғары-төмен жүгіруге болады.

Диета аяқталғанда 3-4 кило артық салмақтан құтылғаныңызға куә боласыз.

Алайда қуануға асықпаңыз. Осы салмақты сақтап тұру үшін күнделікті салмақ өлшеп, жаттығуларды тоқтатпаған дұрыс. Егер таразыда артық салмақ қосылғанын байқасаңыз, кешкі астан бас тартып, су, айран, салат секілді жеңіл тағамдармен ғана азықтануға тура келеді.

 

Диета кезінде рұқсат етілетін азық-түліктер:

- 300 грамм қарақұмық;

1 кг алма;

- 1 л айран;

- 300 грамм тауық еті;

- 2 л су.

(Алдымен қарақұмықтың қалай дайындалатынын айта кетейін. Қарақұмықты пісіруге болмайды. Мәселен, бір кесе қарақұмықты ыдысқа салсаңыз, бір кесе қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Сол суға бұқтырылып, қарақұмық бір сағатта дайын болады).

 

Таңертең 1 стақан су ішеміз. Жарты сағаттан кейін қарақұмық жейміз (Егер қарақұмықты жей алмасаңыз, айранға қосып жеңіз). Түскі асқа тұз қоспай қайнатылған тауық еті. Кешке сағат 18:00 шамасында 1 стақан айран ішеміз. Қарын ашқан кезде алма жеп тұруға рұқсат. Диетаның екінші күнінен бастап алмамен қатар айран қолдансаңыз болады. Тек айран майлылығы 1%-дан аспағанын қадағалаңыз.

Бастысы, адамның ерік-жігері мықты болуы керек.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Zhanat Bakyt 2016-03-03 15:10
Бул диета емизули айелге жане канша апта истеу керек
 
 
+1 #2 Мира 2016-03-03 16:10
Асказаны ауыратын адамдарга болама екен
 
 
+2 #3 #3 2016-03-04 20:17
Емизип жүргендерге болама бул диета?
 
 
+1 #4 almira 2016-04-01 13:48
коп рахмет сізге, көптен бері уақытым болмай сайтыңызға кіре алмай жүр едім, мына кеңесіңізді істеп көрейін