Ақ киімдегі сары дақтан 5 минутта құтылудың оңай жолы

dak

Жаз келе жатыр. Ауа райының аптап ыстық кезінде денеңіз жиі терлеп, жейдеңізде сары дақтар пайда болатыны белгілі. Әсіресе ақ жейде мен көйлектегі дақтар көзге көрініп тұрады. Оны қолмен жуса да, кір машинаға салса да кетіру қиын. Сондықтан бүгін сары дақтан құтылудың оңай әрі тиімді жолын айтқым келіп отыр. 

 Ол үшін бізге керегі:

1 шәй қасық ыдыс жууға арналған құрал;
3-4 шай қасық сутек тотығы(перекис);
2 ас қасық ас содасы

Осы үшеуін араластырып, дақтың үстіне жағып, 5 минут  күте тұрып, киіміңізді жақсылап жусаңыз, нәтижесіне көз жеткізесіз!

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+2 #1 Айнур 2016-03-04 11:46
Үлкен рахмет
 
 
+1 #2 Ляззат 2016-03-04 12:32
кенесине рахмет колданып коремиз.
 
 
#3 Индира 2016-03-04 13:08
Перекисті істегенім бар бірақ кетіре алмадым енді осы кеңесіңізге жүгініп көремін.Кеңесің ізге үлкен рахмет!
 
 
#4 Жулдыз 2016-03-05 18:34
Рахмет кенесинизге корейик натижесин айтармыз сизге