950 теңге тұратын "Солкосерилді" әжімге қарсы қолдануға болады

solkoseril

Аптекаларда сатылатын шамамен мың теңге тұратын «Солкосерил» жақпа майын медицинада әр түрлі мақсатта қолданады. Оны стомотолог та , дерматолог та, терапевт та, хирург та, дәрігерлердің барлығы қолданады. Бірақ бұл жақпа майды косметологтардың қолданатынын естімеген боларсыз? Себебі бұл косметолог мамандарының кішкентай құпиясы. Бүгін біз осы құпияны ашуға тырысамыз.

Әжімге қарсы «Солкосерил»

Әдетте «Солкосерилді» бетке «Димексидпен» араластырып жағады. Бірақ масканы бетке жақпас бұрын мына ескертулерді есіңізге сақтаңыз:

1) Кремді алдымен қолыңызға жағып, аллергиялық реакция тудырмайтынына көз жеткізіңіз. Егер қолыңыз қызарып, қышымаса, бетіңіңізге  жаға беріңіз.

2) «Солкосерил» мен «Димексидтен» жасалған масканы тек таза бетке жағу керек.

3) Көзіңіздің айналасына тигізбеуге тырысыңыз.

4) Масканы жаққан соң, бетіңізге су шашқышпен су шашып, ылғалдандырып отырыңыз. Себебі кейін масканы жуып кетіру қиынға соғады.

5) «Димексидті» пайдаланбас бұрын су қосып, жақсылап араластырып алыңыз. Себебі дұрыс араласпаса, бұл дәрі бетіңізді күйдіріп жіберуі мүмкін.

Қолдану тәсілі:

А. «Димексидті» қайнаған сумен араластырыңыз (1:10)

Ә. Дайын болған сұйықтыққа бет сүртетін мақтаны малып, бетіңіз бен мойныңызды сүртіңіз. Көзіңіздің айналасы мен ерініңізге тигізбеңіз.

Б. Енді бетіңізге қалыңдығы 2мм болатындай қылып «Солкосерилді» жағыңыз.

Д. Масканы бір сағат бетіңізде ұстаңыз, бірақ су сеуіп отыруды ұмытпаңыз.

Ж. Бетіңізді тек жылы сумен жуыңыз.

Ескерту: Масканы 35жастан асқан әйелдер пайдалануы керек.

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Айнур 2016-03-04 16:34
Сəлеметсізбе. Паракшаныздан көп мəлімет алудамыз. Өтінішім бет терісіндегі қара дақтарды кетіретін маскалармен бөліссеңіз жақсы болар еді. Бетті жұмсартатын маскалармен бөліссеңіз, күнделікті сабынмен бет жуып артынан крем жақсақта бетіміз қыртыс сияқты, ұстасағанда нəзік бет терісі болганын армандаймын. Өтінішімді жерде қалдырмайт деген сенімдемін. Жезқазған қаласы
 
 
#2 Меруерт 2016-03-04 17:40
коз айныласындагы терен ажимге нестеуге болад?
 
 
#3 Makpal 2016-03-04 23:22
Bosanganda betke shygatyn kara daktardy ketiruge bolady ma osy jaily jazsanyz