Шуаштан 20 минутта арылуға болады

1-1

Тамағыңыз ауырса

Алма сірке суының ¼-ін бір кесе жылы сумен араластырып, тамағыңызды шайыңыз. Бұл қоспа тамағыңыздағы барлық зиянды микробтарды өлтіреді.

 

 

1-2Қыжылға қарсы
1 шәй қасық сірке суды сумен араластырып ішіңіз. Асқазанның қыжылдауы лезде басылады.


1-3Мұрныңыз бітіп қалса

Тұмау тиіп, мұрныңыз бітіп қалса, 1 стақан жылы суға 1 шәй қасық сірке суын қосып ішіп алыңыз. Сірке суының құрамында А, В1, В2, В6, С дәрумендері, сірке, лимон, сүт және алма қышқылы бар. Бұл дәрумендер мұрын қуысының ісігін демде қайтарады.


1-4Қайызғаққа қарсы
Алма сірке қышқылы шашыңызды жылтыратып, жақырата түседі. Әрі қайызғақтан құтылуға көмектеседі.

Бір кесе сірке суының 1/4 –ін  мен бір кесе судың  1/4 –мен  араластырып, қоспаны шампуньмен жуып болған соң шашқа15 минутқа жағып қойыңыз. Қайызғақтан бірден құтыласыз.


1-5Сүйелден құтығыңыз келсе
Бетіңіздегі вирусты сүйелден күнделікті алма сірке суын жағу арқылы құтыла аласыз. Үзбей жақсаңыз, нәтижесін тез байқайсыз!



1-6Аяғыңыздан жағымсыз иіс шықса

Жылы суға алма сірке суын қосып, күнде кешкісін аяғыңызды 20 минут батырып отырсаңыз, табыныңыздың терлегені басылып, жағымсыз иістен арыласыз. Сірке суының құрамындағы микробқа қарсы қасиет табан зеңін лезде жоқ қылады. Сөйтіп шуаштан 20 минутта құтыласыз.


Құбырыңыз бітеліп  қалса1-7
Бір кесе сірке суды бір кесе ас содасымен  аластырып, бітіп қалған құбырға құйып, 5 минуттан соң құбырға 2 кесе қайнаған су құйыңыз.


1-9Жихаздағы дақтан құтылғыңыз келсе
Жихаз, кілем, кез келген матадан дақты сірке суының көмегімен кетіре аласыз. Ол үшін сірке суы мен тұзды араластырып, дақты сүртіп, аздаған уақыттан соң кептіріңіз, немесе шаңсорғышпен сорып алыңыз.


Сірке суының тағы да мынадай пайдасы бар:

 

1. Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыз.    

2. Терлегенде киімде қалатын сарылау дақтарды кетіру үшін дақтарды 10 минутқа ақ ас сірке суына малып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңайлықпен кетеді.   

3. Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек сауығуға болады екен. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.   

4. Сірке суы шаш саулығы мен сымбатына да жақсы әсер бере алады. Шашты жуып, артынан оны алма сірке суының ерітіндісімен шайыңыз (бір стақан суға жарты ас қасық сірке суы).    

5. Бұлшық еттің ауруын басуға да сірке суы көмектесе алады. Көп жүріп, қатты шаршаған күндері адамның бұлшық еттерінде сүт қышқылы көп жиналып қалады. Бұл ауруды 20 минуттық сірке суының компресі баса алады (бір стақан суға 2-3 ас қасық сірке суы).   

6. Жиі жағдайда заттың баға белгісін байқатпай алу өте қиын болады. Ол үшін шүберекті жылытылған ақ сірке суына малып, баға белгісіне басыңыз. Ол оңайлықпен кетіп, жабысқақ іздерді қалдырмайды.  

7. Тотталып қалған кішкене заттарды сірке суының ерітіндісінде қайнатып, артынан сумен шайып жіберіңіз.    

8. Көгерген иістен арылу үшін тоңазытқыш, сөрелер ішін сірке суына малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.    

9. Шәйнектің қақталған дақтарынан арылу үшін, оған сумен бірге сірке суын қосып қайнатыңыз.   

10. Тағамның дәмін құртып алсаңыз, алма сірке суын қолдансаңыз болады. Мысалы тым тұздалған не бұрышталғансорпаға 1 шай қасық алма сірке суын қосыңыз.    

11. Кір жуғыш мәшиненің ішіне 0,5 стақан сірке суын қосып жүрсеңіз, киімнің түсі ұзаққа сақталады.   

12. Ас сірке суымен бөлменің сөрелерін сүртіп, әр жерге шашып қойсаңыз, бөлмедегі ауа тазарып, жағымсыз иістеркетеді.   

13. Жаққышта қатып қалған бояуды қайнаған сірке суымен кетіріп көріңіз.    

14. Ықылықтан арылу үшін қант кесегін сірке суына малып, жеп алыңыз.   

15. Шыны ыдыстарды, әйнек есік-терезелерді сірке суы ерітіндісімен таза қылып сүрте аласыз.     

16. Сүйіктіңіз сыйлаған гүл шоқтарының ғұмырын ұзарту үшін, 1 л суға 2 ас қасық сірке суын қосыңыз. Осы суға қойылған гүл ұзағырақ сақталады.    

 

 

 

 

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
+4 #1 Жибек 2016-03-06 23:03
коп рахмет! есте журсин :-|
 
 
+1 #2 гулмира 2016-03-13 00:24
:-| жөтеліп жүр ем жақсы болдыгой көп рахмет
 
 
-1 #3 назгул 2016-03-24 23:31
Сүйел бетке шығатынбеді?Бее зеу шығатынын білемін
 
 
-1 #4 Салтанат 2016-03-29 16:32
Жихаз емес жиһаз деп жазылады
 
 
#5 жанбота 2016-04-04 18:35
рахмет біліп жүретін болдық, сән :D кеңестер екен :-|
 
 
#6 молдир 2016-04-26 15:18
Рахмет кенесіңізге
 
 
#7 Алтко 2016-04-29 21:34
Көп рахмеет осындай көп пайдасы бар екенін білмеппіз :-|
 
 
#8 макс 2016-05-03 08:44
Сірке суы это уксус?
 
 
#9 макс 2016-05-03 08:46
алма сірке суы , яблочный уксус бывает разве? Осындай сөздердің жанына жақша ішіне орысша нұсқасын жазып отыра аласыз ба Жанат???