Өскенді де көргенбіз, өшкенді де көргенбіз...

bereke

Экранның арғы  жағынан жаңалық жүргізіп отырған әйел жүргізушілер көбіне салқын қанды, алдындағы мәтіннен басқа көп ештемені ойламайтын, тым байсалды жандар болып көрінеді. Ал шын мәнінде, өмірде олар қандай? 

Анық әрі нық шығатын дауысымен ерекшеленетін білікті журналист, балаларының қызығын тамашалап, қолы қалт ете қалғанда уақытын соларға арнауға асығатын аяулы ана, әр жерде жұбайын мақтан тұтып, оның көрсеткен қолдауын бағалай білетін адал жар, қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістке көз жұма қарай алмайтын өз мемлекетінің белсенді азаматы және жай ғана келбеті келісті ажарлы әйел Жанат Бақыт осы жайлы өз шындығын оқырманмен бөлісті.

Толығырақ...

Мен үшін бірінші орында әрдайым-отбасы

zhas

1. Біздің оқырмандарымыз өзіңізді КТК телеарнасындағы кешкі жаңалықтардың жүргізушісі ретінде жақсы танитыны белгілі. Бірақ жеке отбасыңыз жайлы көпшілік біле бермейді. Сондықтан отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз?

-Мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында 1984 жылы дүниеге келдім. Отбасында төртеуміз, үйдің сүт кенжесімін. Әкем туған өлкеге есімі танымал ақын-жазушы Жолдығали Бақытов.

Толығырақ...

Әйел мен ер тең емес. Еркектің аты-еркек!

panda

Жанат Бақыт «КТК» телеарнасының танымал жүргізушісі, сүйікті жар және үлгілі келін. Жан-жақты болудың құпиясы – еңбексүйгіштікте, ал журналистика – жанкештілікті қажет ететін сала деп біледі. Қазіргі уақытта екі баланың анасы жан-дүние сұлулығы мен тән сұлулығы туралы ащы шындықпен бөліседі. Әйел мен ердің құқығы ешқашан тең болмайды, оған қарамастан өзін бақытты әйелмін деп сеніммен айта алады.

Толығырақ...

Үйге келген адамға дәм таттырмай шығармаймын

berekeli

1. Жанат ханым, журналымыздың аты «Беркелі дастархан» болғандықтан сұрақтар асхана аясында болмақ.  Ең алғаш қандай тамақ істегеніңіз есіңізде ме?

1. Әрине! Есімде болғанда қандай! Алғаш рет  тамақты  бесінші сыныпта оқып жүрген кезімде пісірдім. Ата-анам таңнан қара кешке дейін жұмыста, қарным қатты ашып кеткен. Сонымен өзімше іске кірісіп кеттім, анамнан көргенімді қайталап үлкен қара қазанды алып, астын жақтым.

Толығырақ...

Бақыттың бәрі мансапта емес

zhanatbakyt

- Жанат, сізді халық «КТК» телеарнасының жаңалықтар қыз­метінен жақсы біледі. Әңгімемізді журналистикаға оның ішінде теле­визия саласына қалай келгеніңізден бастасақ...
- Журналистика саласына шыны керек, ойламаған жерден келдім. Себебі бала күнімнен мұғалім болуды армандадым. Тіпті сол мақсатпен әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түстім. Ол кезде телевизия саласында жұмыс жасаймын, тікелей эфирге шығып, жаңалық жүргіземін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген.

Толығырақ...

Бақытқа жетелейтін 12 кеңес

kenes

1.Әйел адам жатарда және ұйқыдан оянған соң 15 минутын өзіне арнауы керек;

2.Балаларды еңбектенуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге шақыру керек;

3.Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелеуі тиіс;

4.Заман талабы болса да, айфон, айпад дегенді балаға ұстатпау керек, оның орнына ертегі оқып, кітаптар сатып әперіңіз;

5.Әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек;

Толығырақ...