Бақытқа жетелейтін 12 кеңес

kenes

1.Әйел адам жатарда және ұйқыдан оянған соң 15 минутын өзіне арнауы керек;

2.Балаларды еңбектенуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге шақыру керек;

3.Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелеуі тиіс;

4.Заман талабы болса да, айфон, айпад дегенді балаға ұстатпау керек, оның орнына ертегі оқып, кітаптар сатып әперіңіз;

5.Әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек;

6.Елдің алдында «күйеуімнің қолынан түк келмейді, осыны адам қылған мен» деген әңгімелерді әйел адам ешқашан айтпаған жөн. Тура сондай болған күннің өзінде де;

7.Ер адам ерте тұрғанда әйел адам тырайып ешқашан ұйықтап жатпауы керек. «Таңғы ас-тәңірден» деп ата-бабамыз таңғы асын отбасымен ішкен;

8.Болашақ ана, баласының дені сау, отбасын бақытқа бөлеймін десе, денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек;

9.Еркектер боянған, күтінген әйелдерге сұқтана қарайды. Сондықтан әйел адам әрдайым әдемі, күтінген күйде жүруі тиіс;

10.Ер адам быттиып семірген әйелден шаршайды, фитнесске жазылып өзіңді күту — бірінші кезекте.

11.Еркек ұрысса үндемей құтылу ләзім. Олар долы әйелдерді ұнатпайды. Кейде «сенікі жөн» деп алдай салумен де бар мәселе шешіледі;

12.Әйел адам үйде отырып зерігіп, жаман ойға беріліп, қызғаныштың жетегіне кетпес үшін – жұмыс істегені дұрыс.

Жанат Бақыт,

"Байстарс", "Нұр кз", "Айқын".

 

 

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...