Таңатар

tanatar

- Әй, бері кел!

Жалт қарасам анадай жерде өте қымбат, шетелдік иномарка машинасының қасында көзіне қара көзілдірік киген бір жуан қара тұр. Бір қолында шылым, екінші қолында "жүздік" құдіретті телефон. Үстінде шыттай ақ көйлек, қара шалбар, қызыл ала галстук.

Жақын жерде ешкім болмаған соң маған арнап айтылған сөз болар деп қасына жақындадым. Жүзін шырамытқаныммен жыға танымадым.

-Әй, танымай қалдың ба?

Шегірткенің айғырындай қозы қарынды мықты шіреніп-ақ тұр.

-Аздап... шырамытып... нетіп...

Толығырақ...

Қанішерлер

kanisher

Алматының жанға жайлы көктемі қандай сұлу! Мың сан терек желмен сыбдырлай тербеліп, мың сан таудан аққан мөлдір бұлақ жаныңды жадыратады. Осынау табиғаттың тамылжыған бір күні орталық паркке қыдырып келген он сегіз жасар Анжелика көгілдір көзді Анатолиймен танысты. Біраз қыдырды. Бақса ақмолалық жас жігіт әскер қатарынан қашып жүрген болып шықты. Бірақ оттай жанған махаббат пен көзсіз құштарлық ештеңеге қаратқан жоқ. Алматыда бұлар бармаған жер қалмады, ресторан мен демалыс орындарын түгел адақтады. Мұның бәрі екеуін бірақ тез жалықтырды. Бір күні Анжелика өзінің үйтіп-бүйтіп жиырма мың теңге тапқанын, Семей қаласында Жанна деген құрбысы бар екенін, соған қыдырып барсақ қайтеді деген ойын сүйгеніне наздана жеткізді.

Толығырақ...

Сәбиін өлтірген сұлу

 

sabi oltirgenБіз осыдан жиырма жылдай бұрын Қазалының бір мектебінде оқыған қара сирақтар едік. О кезде экологиялық апат аймағы деген әңгіме жоқ. Бірақ алапат ыстық күнде бұрқыраған қара жел жаз болса денені күйдіріп жіберетін. Бүкіл ауылда осыншама ыстыққа денесі күймейтін бір-ақ жан болды. Ол бізбен бірге оқитын Назира еді. Бұл жаратылыс дегенді қойсаншы, біреуге келгенде тарыла қалып, қысық көз, таңқы танау етіп жарата салады. Ал екінші біреуге келгенде соншама жомарт, ай десе аузы, күн десе көзі дегендей, барын аямайды. Назирадан да табиғат ештеңесін аяп қалмаған еді. Бота көз, жәудір жанар, ақша маңдай, тоқпақтай ұзын бұрым, тастан қашап жасағандай оқтаудай түп-түзу аппақ балтыр, жаңа-жаңа іштен теуіп шығып келе жатқан қос алма-қысқасы, жас бойжеткеннің сұлулығын айтуға тіл жетпейтін. Қасынан өтіп бара жатқанда атты кісі атынан түсіп, жаяу кісі жатып қарамай өте алмайтын. Жасырып не керек, бірге оқитын он бірінші кластағы он бес бозбала түгелдей оған ғашық едік. Тек бір айырмашылығы, әрқайсымыз әртүрлі ғашық болдық. Мен байғұс еш дәмем болмаса да жүрекке әмір жүрмейді ғой, өзімше ғашық болдым.

Толығырақ...

Сурет

suret-1

Ол түні аспан керемет ашық болды. Жұлдыздар жымыңдап, жаңа туған ай нұры төңіректі аппақ шұғылаға малып тұрды. Ауыл жанындағы ерке бұлақтың сылдырын түн алыс бір қияларға таратып жатыр. Гүлжанның жанарында бүгін отты жарқылмен бірге ешкімге сезілмес тұнық мұң да бар сияқты.

Толығырақ...

Студенттер

 

studentsЖүрегі дір ете түсті. Айбану тағы да оның суретіне қарап отыр әне. Күлімсіреп, әндетіп қояды. "Есімде сол бір кез, жағасы бұлақтың..." "Бұлақтың жағасы" дейді, иә, анада алғаш Қасыммен кездескен күнін әңгімелегеннен кейін қоймап еді осы әнді. Бүгін тағы да айтып отыр.

Оның ойын көрші бөлмедегі Марияның есіктен қарап: "Айбану, сені шақырады" деген үні бөліп жіберді. "Тағы да келген екен ғой". Кеудесі шымыр ете түскендей болды. Терезеге қарады.

Ал Айбану асыға қоймады. Тіпті кейде шығып болмайды. Қасым шақырса әмәнда өстеді. Шашын тарайды, көзін айнаға қарап тұрып екі-үш рет төңкеріп, айналдырады. Ерніне далап жағады. Сосын оқтаудай түп-түзу аяғының ұшына қып-қызыл өрнекті төпішкесін іліп, сыртқа беттейді. Қасым мұндайда Айбануға ренжісе екен деп тілейді бұл кейде. Сонда Айбану бөлмеге үнсіз қайтып келіп отырар еді де, Қасым үйіне жалғыз қайтар еді. Бірақ өйтпейді Қасым, олар бірге кетеді.

Толығырақ...

Қоштасу

koshtasy

Түннің бір уағында ескі қоңыр телефон біреу салып қалғандай шар ете түсті. Нұрғали қашан да түнгі телефон коңырауынан қатты қорқатын, себебі есі дұрыс адам бұл уақытта телефон соқпайды. Соқты екен, бір жаманаттың болғаны. Әкесі, анасы, інісі қайтыс болғанда да хабар бұған түн ортасы ауа жеткен. Соңғы рет өткен жылғы шілдеде анасы қайтыс болғанда соғылып еді осы қоңырау. Одан кейін құдайға шүкір, бұл уақытта телефоны жаманат хабар жеткізген жоқ еді. Бүгін не болып қалды екен?

Толығырақ...

ХХІ ғасырдың адамы

 

XXI gasir_adamiБүгін күн жексенбі. Басқалар болса көсіліп салып ұйықтап жатар еді. Бірақ Сәрсен олай ете алмайды. Олай етуге хақысы жоқ. Себебі мамандығы, дұрысы көбісі солай. Орман егері күндіз-түні, ертелі-кеш ат үстінде жүруі керек. Оның үстіне қазір адамдар әбден ашкөзденіп алған. Мылтықтарын шошандатып, реті келсе аң-құстарды қырып кетеді. Ағаштарды кесіп, тиеп алады. Мына өртеңгір заман да бір жағынан қылбұрауға салып, өртеп-ақ түр. Қайда да ұшынған баға. Акшаның соңынан ала өкпе болған адамдар.

Толығырақ...

Коммерсант келіншектің аянышты тағдыры

kommersant

Бақытсыздық, қасірет деген аяқ астында екен. Коммерсант келіншек Ақмаржанның үлкен ағасының биыл мектеп бітіретін жалғыз ұлы екі-үш күн ауырды да қайтыс болды. Төрт-бес жылдан бері сауда қуып, Қытай, Пәкістан, Түркия, Эмират, Польша, Мәскеу асып жүрген Ақмаржан ағасының жалғыз ұлы ауырғалы жанын қоярға жер таппай, қатты қиналды. Кірпігі азар қимылдап жатқан баланың аузына су тамызып, қасында күні-түні отырды да. Дәрі-дәрмектің қандайы керек, бәрін де әкеліп берді. Бірақ емге көнбейтін бауыр гепатитінің ерекше қауіпті вирусы жалғыз ұлды әп дегеннен есеңгіретіп тастаған еді.

Сондай ауыр күндердің бірінде коммерсант келіншек ауруханаға дәрі апарып берем деп кеткеннен жоқ болып кетті. Бес күн, он күн өтті... ізі табылмады.

Толығырақ...

Азғын

 

azginЖурналист деген халықта тыным болған ба, бүгін мында барсаң, ертең екінші бір жаққа зырлап бара жатасың. Жақында редакция шаруасымен Талғар қаласына бара жатқанбыз. Автобуста адам көп екен. Кенет сол қалада тұратын таныс бір журналист жігіт кездесе қалды. Амандық-саулық сұрасып, ортақәңгімегазетке жазылу жайы туралы әңгімелесіп отырғанбыз. Бір кезде ол ұшып тұрып қасымызға келген ақ шашты әйелге орын ұсынды. Беті мыж-мыж, қайғыдан өңі әбден өңіп кеткен байғұс әйелге қараудын өзі аянышты. Тірі аруақ, сүйегі әне-міне шашылып қалатын сиякты. Азар сүйретіліп келіп менің жаныма отыра кетті. Әлсін-әлсін жалын ата күрсініп қояды. Көз жанары мүлдем сөнген. Жолдас жігіт оны таныған соң әлгі әйел сәлемдескеннің іреуетімен бас изегені болмаса ештеңе деген жоқ. Оны көрген жігіттің өңі түнеріп, біраз уақыт үнсіз отырды.

Толығырақ...

Ақ жол саған тіледім, қызым!

 

zhanatkaЖАНАТҚА

 Ерке өскен елігі едің даланың,

Үйден кетіп бара жатсың қарағым.

Бір көpyгe бермес едім, қайтейін,

Болмай тұр ғой, болмай тұр ғой амалым.

Толығырақ...

Әншіге ғашық келіншек

 

anshiАйгүл бүгін де ерте тұрды. Басы мең-зең. Соңғы жылдар, айлар, күндер бұл үшін азаппен өтуде. Неге ұмыта алмайды оны? Ол мұны сүймейді ғой. Мейлі, есесіне бұл сүйеді оны. Өле-өлгенше, әбден көрге кіргенше сүйе береді. Кенет радиодан алдымен сылқым музыка естілді де соңынан әсем ән асқақтай жөнелді.

Жапырағын желге тосып,

Толығырақ...