Азғын

 

azginЖурналист деген халықта тыным болған ба, бүгін мында барсаң, ертең екінші бір жаққа зырлап бара жатасың. Жақында редакция шаруасымен Талғар қаласына бара жатқанбыз. Автобуста адам көп екен. Кенет сол қалада тұратын таныс бір журналист жігіт кездесе қалды. Амандық-саулық сұрасып, ортақәңгімегазетке жазылу жайы туралы әңгімелесіп отырғанбыз. Бір кезде ол ұшып тұрып қасымызға келген ақ шашты әйелге орын ұсынды. Беті мыж-мыж, қайғыдан өңі әбден өңіп кеткен байғұс әйелге қараудын өзі аянышты. Тірі аруақ, сүйегі әне-міне шашылып қалатын сиякты. Азар сүйретіліп келіп менің жаныма отыра кетті. Әлсін-әлсін жалын ата күрсініп қояды. Көз жанары мүлдем сөнген. Жолдас жігіт оны таныған соң әлгі әйел сәлемдескеннің іреуетімен бас изегені болмаса ештеңе деген жоқ. Оны көрген жігіттің өңі түнеріп, біраз уақыт үнсіз отырды.

Автобус қалаға келіп тоқтаған соң әркім жөн-жөніне кетті. Әлгі байғұс әйел де ілби басып кетіп барады. Құдды басқа дүниеден келген адам сияқты.

Біз қонақ үйге қарай аяндадық. Мына әйелде не сыр бар? Осы сұрақ неге екені белгісіз, көңілді алаңдата берді. Осы жағдайды білген болуы керек жолдас жігіт былай деді:

-Егер уақытың болса мен бұл әйелге қатысты қайғылы,тіпті адамның аузы бармайтын бір сұмдық оқиғаны айтып берейін. Өткен жылы бір мақала ізімен барып осы оқиғаны біраз зерттегенмін. Бірақ түрлі себептермен жазылған жоқ. Тіпті оны айтып берудің өзі ауыр. Себебі мұндай оқиға бұл өңірде бұрын-соңды болған емес-ау деймін. Мына өзеннің жағасына барып кішкене отырайық. Біз су жағасына келіп үлкен тастың үстіне отырдық. Күздің қоңыр желі етек-жеңімізді жұлқылайды. Төбеде бір топ құс ұшып барады. Өзара қиқуласады. Бір-екі балапаны бөлініп ұша бастап еді, ата-аналары оларды қайтадан топқа қосты. "Шіркін, құс екеш құс та бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсуге әзір-ау. Тіршілік тұтқасы да осы ұрпақ сабақтастығында ғой",- деп ойладым мен.

Жаныма қарасам жолдас жігітім бір ауыр ойға беріліп кеткен екен. Сәлден соң ол жай дауыспен әңгімесін бастады.

-Ол кезде облыстық газетте қызмет істейтінмін. Бір күні редактор шақырды. Бардым. Бастығым қолына бір хат ұстап отыр. "Мынау жақын аудандағы милиция бастығының мақаласы. Осының ішіндегі бір оқиғатуралы мораль тақырыбына мақала жазуға болады-ау деймін",- деп хатты берді ол.

Ертеңіне жолға шықтым. Жол бойы ауыр ойдан бас көтере алмадым. Апыр-ау, адамдар не болып барады? Егер мына оқиға шындық болса не істеу керек?

Милиция бөлімінің бастығы жігіт ағасы жасынакелген мосқалдау адам екен. Менің келген шаруамды білген соң ол біраз уақыт үнсіз отырды. "Ия, бізде бір сұмдық осындай оқиға болды. Тіпті айтудың өзі ауыр. Алдымен мына арызды оқып шығыңыз. Қалған әңгімені содан кейін жалғастырармыз",- деді ол.

Екі парақ оқушы дәптеріне жазылған арыз-хатта қағаз беті көтергенмен адам жүрегі көтере алмас зіл батпан салмақ бар екен.

"Бұл шағымды жазғанша қара жерге кіргенім жақсы еді деп бастапты арызын манағы әйел,- бірақ оған шамам келер емес. Бәрін басынан бастап айтайын. Мен казіргі күйеуіме осыдан он жеті жыл бұрын қосылдым. Алғашқы төрт-бес жылымыз жақсы өтті. Содан кейін ол іше бастады. Бірақ біржола арақтың құлы болып кеткен жоқ. Байланыс бөліміндегі монтерлік жұмысын да тиянақты атқарып жүрді. Екі қызды, бір ұлды болдық. Қазір үлкен қызымыз он бесте, кішісі - он үште, ұлымыз бес жаста.

Сол бір сұмдық оқиғаны көзіммен көргеннен бері де екі жыл өтті. Бір күні түнде оянып кетсем қасымда күйеуім жоқ екен. Қыздарым жататын бөлмеден бір әлсіздеу, жат дыбыс шығады. Аяғымның ұшымен басып барсам, сұмдық! Күйеуім өзінің қанынан жаралған үлкен қызының қасында жатыр. Шала мас. Екеуі де тыржалаңаш. Мені көріп қалған күйеуім анадай жерде тұрған пышақты алып тамағыма тақады. "Егер тісіңнен бір ауыз сөз шықса бәріңді бауыздаймын!"-деді ол ысылдап.

Содан бері тірі өлік күйде екі жылды өткіздім. Жоғарыдағыдай жағдай жалғаса берді. Қызым қазір әкесінен жүкті. Ол ол ма, мына азғын енді кіші қызға көз тікті. Құдайдың құдіретімен азар аман алып қалдық. Енді ол бізді өлтірем деп кіжініп отыр. Азар қашып шықтық. Күйеуімнің осы қылмысын әшкерелеп, оны ату жазасына кессеңіздер екен!"- деп аяқталыпты шағым хат.

-Өкінішке орай бұл шындық болып шықты,- деді милиция бөлімінің бастығы,- қылмыскер он екі жылға сотталып кетті. Мұндай адам баласына жат сұмдық оқиғаны тоқсаныншы жылы "Лениншіл жас" газетінен оқығанда жағамды ұстағанмын. Онда осындай үш түрлі оқиға Шымкент облысында болған екен. Егер шағым хат иесімен сөйлесем десеңіз үйі осы жерден жақын, қасыңызға бір жігіт қосып берейін, барып келіңіз.

Бардық. Еңселі үйдің іші қара көлеңке екен. Ауыз үйден манағы өзім көрген әйел шықты. Қырыққа жетпесе де байғұс жермен-жексен болып шөгіп кетіпті. Басын көтермейді, қайғыдан қан жұтып жүргені байқалып тұр.

Жарытып ештеңе айта алмады. Уһілей береді. Әлсін-әлсін дәрі ішеді. Соның арасынша үйден үлкен қызы шықты. Жап-жас, үріп ауызға салғандай. Қанша дегенмен бала емес пе, сағыз шайнап жүр. Іші едәуір білініп қалыпты. Бізді көрді де жып етіп ішке қайтадан кіріп кетті. Оның ендігі тағдыры не болмақ? Осы ой жүрегімді еріксіз шым еткізді.

Осы аралықта кіші қызы да мектептен оралды. Ол да айналаға бейкүнә сәби көзімен қарайды. Бірақ жүзі жабырқау. Осы екі балдырғанның пәлен рет сотқа қатысқанын, онда өңі түгілі, түсінде көрмеуге тиіс оқиға туралы қайта-қайта түсінік бергенін ойлағанда сол жерден тұра қашқымыз келді.

Әйел байғұс азар дегенде осы үш перзенті үшін сүйретіліп тірі жүргенін айтты. Ол ол ма, соңғы кезде күйеуі қайта-қайта хат жазып, тамақ, темекі әкеліңдер деп мазалап жатыр екен. "Осындай екі аяқтыайуандарды неге атпайды?"-деп зар иледі ол,- оның тірі, жер басып жүруге хақы жоқ қой?.

Қайтарда азғын әкені соттаған судьямен сөйлестік. "Бәрі заңға сай,- деді ол,- он екі жыл жазаны қатаңрежимде өтеу оңай емес. Бізде өлім жазасы сирек, аса ерекше жағдайларда ғана қолданылады ғой".

Заңнын аты заң, солай болса солай шығар. Бірақ ар-ождан соты бар ғой. Одан екі дүниеде де ол ақтала алмас...

Шыны керек, мен осы оқиғаны қалай жазарымды білмедім. Содан көп кешікпей республикалықгазетке қызметке ауысып кеттім. Бірақ осы оқиғаны ойласам әлі жүрегім дір етеді, кейде ұйқымнан шошып оянам. Адамның сұмдық азғындағаны ғой бұл.

Осыны айтып ол орнынан тұрды. Мен де үш ұмтылып барып орнымнан азар көтерілдім. Жаңағы әңгіме санамды сансыратып кетті. Адамдар неге айуан болып кеткен? Әлде бұл қазіргі видеосалондар мен коммерциялық каналдарда күн сайын көрсетіліп жатқан неше түрлі төсек үстіндегі "қызықтардың" жемісі ме? Неге осыншалықты азғындап барамыз? Жан-дүниеміздегі экологиялық апатты сауықтыра аламыз ба? Алсақ, қашан?

Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет...

Comments  

 
#1 Назира 2016-02-22 00:42
Сәлеметсизба Жанат xаным сіздин мына ангімеңізді окып отырып биздің ауылымыздагы осындай окига есиме тусип кетті. Мен Сай отес деген ауылда турамын. Ауылда казакша курестің жаттыктырушысы Карасай деген агай болатын Республикалык жарыстарга бала апарып журди ауылдын балаларын жане озінің ул кыздарын бир кызы менің сыныптасым болды. Жанагы озінің балаларын ауа райына карамай жугіртіп, ауыр заттарды мойнына астырып жаттыктыратын. Біздің ауылда сай болган сон Сай отес деп койган. Жанагы балаларын сайга апарып дайындайды екен. Өзінің 11 баласы бар болатын. Кыздарын сайга апарган кезде улкен кызын азгындаган. Ол кыз ундемей журе берген екінші кызы сал оскесин оныда сойткен ушінші кызын азгындайын деп жатканда улкен кызы милицияга барып устінен арыз жазып соттатып жіберді казыр турмеде. Осындай екі аякты малғундар кайдан шыгады? Оларга не жетіспейді?
 
 
#2 Жанар 2016-03-04 00:57
:sad: :cry: :-?
 
 
#3 Майра 2016-03-18 19:18
Иә маңғыстауда сай өтес деген жерде азғын өз қыздарын бірнеше жыл зорлап келген,айуан Алла жазасын берсін,сол қыздар намаз оқиды деп естігем и еще азғын спортсмен дейді садағаң кетейін айуан,әке деген атқа лайықсыз малдарды дарға асу керек