Азғын

 

azginЖурналист деген халықта тыным болған ба, бүгін мында барсаң, ертең екінші бір жаққа зырлап бара жатасың. Жақында редакция шаруасымен Талғар қаласына бара жатқанбыз. Автобуста адам көп екен. Кенет сол қалада тұратын таныс бір журналист жігіт кездесе қалды. Амандық-саулық сұрасып, ортақәңгімегазетке жазылу жайы туралы әңгімелесіп отырғанбыз. Бір кезде ол ұшып тұрып қасымызға келген ақ шашты әйелге орын ұсынды. Беті мыж-мыж, қайғыдан өңі әбден өңіп кеткен байғұс әйелге қараудын өзі аянышты. Тірі аруақ, сүйегі әне-міне шашылып қалатын сиякты. Азар сүйретіліп келіп менің жаныма отыра кетті. Әлсін-әлсін жалын ата күрсініп қояды. Көз жанары мүлдем сөнген. Жолдас жігіт оны таныған соң әлгі әйел сәлемдескеннің іреуетімен бас изегені болмаса ештеңе деген жоқ. Оны көрген жігіттің өңі түнеріп, біраз уақыт үнсіз отырды.

Толығырақ...

Маскүнем келіншек, мөлдір махаббат

 

maskynemҚызметке барарда күн сайын көк базардың қасынан өтемін. Бұл жерде таң атпай араққа тойып алып, қызара бөртіп жүрген алқаштардың түрі бар. Қазақ та, орыс та жетерлік. Мысалы, мына жердегі қаба сақал қолына баянын алып күн сайын сарнатады да отырады. Бір кез соның қасына келіп бір әдемі келіншек билейді. Талшыбықтай денесінде бір мін жоқ, қолмен қашап жасалғандай. Әдемі де тұңғиық көзінде ауыр мұң бар. Киімі де бүп-бүтін. Тек арақ ішеді. Бір кезде оны қияқ мұртты, ұзын бойлы ақсары жігіт келіп ертіп кетті. Кейде әйел оған көнбейді. Жігіт жалынады. Жалбарынады. "Әсем, Әсем" деп үздігіп тұрғанына қарап әдемі келіншектің аты Әсем деп топшылаймын. "Неге ішеді екен?" деп ойлаймын.

Журналист байғұс та жел аударған қаңбақ сияқты, бүгін мында, ертең анда, аттың жалы, түйенің қомында шауып жүреді ғой. Біраз күн іс-сапарда болып, қызметке келе жатқанмын. Кенет көзім жол жиегінде отырған қияқ мұртты жігітке түсіп кетті. Жүзі жүдеу, жақ жүні өсіп кеткен. Қатты аяп кеттім. Еріксіз қасына тоқтадым.

Толығырақ...

Қарғыс

 

kargisАйман өз қатарының алды болды. Мектепті үздік бітірді. ҚазПИ-ге түсіп бес жылда жоғары білім алды. Алматыдағы мүйізі қарағайдай бір институтқа қызметке орналасты. Тұрмысқа шығып, екі бала сүйді. Күйеуі жуастау жігіт еді, алты-жеті жыл отасқаннан кейін автомобиль апатынан қайтыс болды.

Өмір бірақ өз ретімен жалғаса берді. Айман да тіршілігін істеп жатты. Екі ұлы ержетіп қалды. Ендігі тілегі солардың үстінде еді. Бірақ"перестройка" деген зауал қалыпты тіршіліктің быт-шытын шығарды. Күнде жиналыс, мыжу сөз, көкіген көбік әңгіме. Ақыры Айман қызмет ететін институт жабылып тынды. Бұлар қызметсіз қалды.

Алғашында бұл мәңгіріп, не болғанын түсінбеді. Тірлік барған сайын қиындай берді. Әсіресе, жағдай 1992 жылдан кейін мүлдем адам төзгісіз болып кетті. Жұрт жан дәрмен базарға, саудаға шықты.

Толығырақ...

Алғашқы махаббат

 

mahabbatОның аты-Шынар. Екі көзі мөп-мөлдір. Тұнық аспан сияқты. Шашы қоп-қою, қап-қара. Өткен жылы мектеп бітірген. Ауылда кітапханашы. Танысқанымызға онша көп болған жоқ. Бар-жоғы бір ай. Каникулға келгенде таныстым. Шынымды айтсам оны бір көргеннен ұнаттым. Бірақ жүрек сырымды оған айта алар емеспін. Кездескенде жүрегім атша тулап қоя береді. Кеудемді діріл басады.

Соңғы кезде оны жиі іздейтін болдым. Сыралғы достардай көп әңгімелесеміз. Өмір, бақыт жайлы ой толғаймыз. Кітаптар туралы сырласамыз.

Жайдары жаз қандай тамаша еді. Кітапханаға келдім. Шынарға жолықтым. Шығарып салдым. Киноға шақырдым. "Ертең барайық", - деді ол. Бүгін қолы тимейді екен.

Толығырақ...

Өкініш

 

okin zholdigaliСәрсен аудан әкімі қызметінен босатылғаннан кейін біраз уақыт үйінде жатып қалды. Облыс жақтан тырс еткен дыбыс, еш хабар-ошар болмады. Ал негізінде басшы қызметте істегендердің бір жерден босағанымен екінші жерден "жарып шығуы" сонау елді партия басқарған кезден бар саясат. Бұл да содан үміттеніп, дәметіп біраз жүрді. Рас, алғашқыда осы ауданның бір совхозының директоры қызметі ұсынылды. Оған бұл келіспеді. Онысы дұрыс та еді. Кеше бүкіл бір ауданды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған әкім енді сорлы болып өзінен әлдеқайда жас жігіттердің алдында жалтақтап қалай отырады?

Содан екі-үш ай өткен соң облыстық әкімшіліктен әбден күдерін үзген Сәрсен ескі таныстарды жағалап, ақыры облыс орталығындағы шағын бір мекемеге қызметке орналасты. Орталыққа жақындау ауылдан үй сатып алып, көп кешікпей көшіп те алған.

Толығырақ...

Рэкет

 

reketНұржанның үйінен шығып "Мерседесіне" отыра бергені сол еді алдынан автомат оғы себелей жөнелді. Әп-сәтте отызға енді ғана толған өндірдей жас қызыл қанға боянып, орындыққа сылқ ете түсті. Ал ағаш арасынан жүгіріп шыққан үш жігіт үй тасасында тұрған машинаға отырды да қас пен көздің арасында ғайып болды.

* * *

Бұл бала күннен ерке, тентектеу болып өсті. Бірге оқитын балалардың ішінде Нұржаннан таяқ жемегендері кемде-кем шығар. Денесі шымыр, екі қолы ұзын да қарулы еді.

Алтыншы кластан бастап бокс, күрес, самбо сияқты спорттың бірнеше түрімен қатар айналысты. Жоғары класта өзі оқыған мектептің, кейінірек аудан, облыстың намысын қорғайтын дәрежеге жетті. Мұның есімі осы жылдарда бүкіл республикаға мәлім болды. Бірнеше рет еркін күрестен республика чемпионы атанды.

Толығырақ...

Поездағы оқиға

 

poezdСылбырап жаңбыр жауып тұр. Табиғат мына сұп-сүр, сұрғылт өмір сияқты қабағын бір ашар емес. Қоңыр күз келгелі жаңбыр да көбейе түскен. Поезд Жамбыл қаласына кеп тоқтады. Вагон терезесінен сыртқа көз тастап отырған қатып киінген жас жігіттің ойы да сылбыр жаңбырдай тарам-тарам.

Кенет  вокзалдан  шыққан сары шашты сұлу әйел купесі екі кісілік осы вагонға қарай жүрді. Бағасы былайғы вагондарға қарағанда екі-үш есе жоғары болғандықтан мұнда келушілер де сирек. Ала қап арқалағандардың көбі бағасы арзан плацкарт вагондарды қол көреді.

Толығырақ...