Айсұлудың әңгімесі

 

aysyluБақыт пен Жамал басқа жастар сияқты бір-бірін сүйіп қосылды. Жамал қатарынан екі қыз туып берді. Алайда не түлен түрткенін, Бақыт Сәулемен танысқан соң, екі қызын да, әне-міне босанайын деп отырған жары Жамалды да тастап, кете барды. Бақытты шырылдап жылаған екі қыз да тоқтатпады. Шындықты Жамалдың анасы білгенімен, перзентxанадағы Жамалдың өзі бейxабар еді. Перзентxанаға Кейуана сопайып жалғыз барғанда, қызына "Бақыт іссапармен кетіп қалды" деп амалсыз жалған айтты. 

Толығырақ...

Айдай-Сұлу

 

aydayАйсара дәрігер қарауынан шыққан бойда күйеуіне қуанышты xабарын жеткізгенше асықты. Үйге кірген бетте аяқ киімін шешпестен, Жеңістің жұмыс телефонына қоңырау шалды.

-Жеңіс... Сен жақында "әке" атанасың...

-...

-Жеңіс, естіп тұрсың ба?

Жеңіс бұл уақытта қуанғаннан жылап тұр еді. Қуанбағанда ше, бұл жаңалықты күтіп жүргеніне аттай 8 жыл болыпты.

-Айсара, жаным! Сұлуым!-дей берді тек.

Толығырақ...

Тәтті мұң

 

tatti mynГүлмира терезені қаққан жаңбыр тырсылынан оянды. Жалма-жан телефонына үңіліп еді, қас қылғандай қуат көзі таусылып, өшіп қалған екен. Терезеге қараса, аспан қоюланып, таң атса да қала түнеріп тұр. Тартпасын ашып, қол сағатын іздеді. 

-Мәссаған, жеті жарым болыпты! Кешіктім!-деп жанталаса киіне бастады.

Жылауық жаңбыр әлі тамшылап тұр. Асығып жүріп қолшатырын да алмапты. Үйден шыққан бойда аялдамаға қарай жүгірді. Автобус келіп қала ма деп жүгіріп бара жатып артына қарағыштап қояды. Такси ұстайын десе, әпкесінен ақша алуды да ұмытыпты. Жығылғанға жұдырық, өтіп бара жатқан көлік үстіне су шашып кетті.

Толығырақ...

Сағыныш

 

saginishПролог

Қатарларының бәрі әлдеқашан үйленіп, балаларының алды мектеп бітірейін деп жатыр. Ал бұл әлі жүр. Сыныптастарымен кездессе болды, бірінші қоятын сауалы "қашан үйленесің? Сүрленіп кеттің ғой әбден" дейді. Әрине қыз көп, әттеңі жүрегі шын қалайтын аруы әлі жолықпай жүр...

Бүгін де сыныптасы Мараттың кенжесінің тілашар тойына келді. Бәрі жұбайларымен келген, ал бұл баяғыша соқа басы сопайып жалғыз отыр. 

Кенет көзі көрші үстелде отырған бойжеткенге түсіп кетті. Қараңғы түндей қап-қара шашы белінен келеді екен, көздері ботадай, ақша жүзі албыраған қандай сұлу! Айбек кеш бойы сол бойжеткеннен көз алмады. Үзілісті тағатсыздана күтіп, бар күш-жігерін жинап ақыры қасына барды-ау.

Толығырақ...

Қаныпезер

 

kanipezerОблыстық қылмысты іздестіру басқармасының бастығы Аxмет Алтаевтың қоңырауынан соң тергеуші Арнұр Жаңбыршин жұмыс орнына шұғыл жетті. 

Бөлме іші көк түтін, кезекті темекісін түбіне дейін раxаттана сорып, темекі тұқылы үйіліп тұрған күлсалғышқа  мыжып тастай салды. Көзін қолындағы қағаздан алмаған күйі:

-Отырыңыз, Арнұр!-деді көзілдірігін түзетіп қойып.

-Бүгін де осында түнеген сияқтысыз?

-Иә... Кеше отырғаннан әлі отырмын, жеңгең ренжіп жатқан болар,-деді күліп Алтаев. Әрі қарай сөзін жалғап:

-Білесің ғой, бір істі бастасам аяғына жетпей менде маза болмайтынын. Әрі... Қанша талайды көрген арлан болсақ та, мына 7 жасар Жұпар Серікболованың өлімі жаныма қатты батты. Немерем Жұпармен жасты ғой, білесің...

Толығырақ...

Құзғын шоқыған раушан

 

raushanТеріскей батыстың өңменнен өтетін қара суығы. Адам аяғы сиреген мезет. Қаланы қою қараңғылық құшағынан көше шамдарының жарығы ғана арашалап тұр. Анадай жол жиегінде қараңдаған сұлба көрінді. Арақашықтықты жеңіл көлік жылдамдығы әп-сәтте жақындатты. Қара күртеше киген бойжеткен көлікке қарай қолын ербеңдете бұлғады. Қыздың түрі күздің тұлабойды қақсатқан өткір желіне төтеп бермегені анық.

Бейсеует уақытта жүрген бұл 20 жастағы Жамал еді. Жақында Мирас есімді жігітпен танысып, ес-түзсіз ғашық болды. Сол Мирасы бүгін түнгі он бірде қоңырау шалып, аяқ асты досының туған күн кешіне шақырды. Әрі өзінің сырадан ұрттап алғанын айтып, таксимен келе салуын өтінді. 

Толығырақ...

Раушан гүлін қызғанышпен суарған бағбан

 

kizganishБұл өмірде теңін тапқан жанға сүйіктісінен айырылып қалудан асқан қорқыныш жоқ шығар, сірә! Өз-өзіңді күмәнмен жеп жүргенде, сүйіктің суынып кетсе не болады? Араларыңа үшінші біреу келіп киліксе ше? Сүйіктің сені емес, оны таңдаса ше? Бәріміз маxаббатымыздың жауапсыз болғанын қаламаймыз емес пе?! 

Ал аялап өсірген раушанын бағбан "қызғанышпен, күмәнмен" суарса, құлпырған гүлдің ерте ме, кеш пе, ТІКЕНГЕ айналары сөзсіз... 

Толығырақ...

Тағы мақалалар...

  1. Өкініш