Өкініш

 

okinish-Гүлнұр, екеуміз бала күнімізден бір-бірімізді жақсы білеміз, ұнатамыз, мүмкін бас қосармыз? Қалай ойлайсың?

Гүлнұр қуанғанып кетті. Жігітті қуанғаннан құшақтап алды. Неге қуанбасын, біріншіден Асқарды бала күнінен біледі, бір сыныпта оқыды. Басқа балалардан гөрі Асқарды өзіне жақын тартатын. Кейін достық сезімі ғажайып маxаббатқа ұласады.

Ақылына көркі сай Гүлнұр ауылдағы ең сұлу қыз еді. Ата-анасы бала күнінде қайтыс болып, жетім қыз әкесінің інісі Мараттың үйінде өсті. Онсыз да тапқан айлығы шайлығынан аспай отырған көпбалалы жапырайған жұпыны үйде байқұс қыз көп қиындық көріп бойжетті. 

Толығырақ...